Хордалылар типі
Хордалылар типі (Chordata). Хордалылар жануарлар патшалығының негізгі типі болып саналады. Бұл типте 42 000-нан аса түр бар, олар әртүрлі ортада мекендейді. Хордалылар үшін бірқатар ерекше қасиеттер тән. Соның ішінде, олар үшін хорданың (нотохорданың) болуы тэн, ол өзек сияқты солқылдақ құрылым, омыртқалылардағы омыртқа жотасындай дененің ұзына бойына созылып жатады. Хорда тірек қаңқасы болып табылады. Вакуолденген клеткалардан тұрып, ол төменгі сатыдағы организмдерде өмір бойы сақталады, бірақ жоғары сатыдағыларда даму барысында ол омыртқа жотасымен алмасады.
Хордалылар үшін, сонымен қатар, хорданың үстінде жатқан түтік тәрізді жүйке шоғырының және хорданың астында орналасқан асқорыту жолының болуы да тән. Одан әрі, олар үшін ұрықтық кезеңде немесе өмір бойы сақталатын желбезек саңылауларының болуы тән, олар асқорыту түтігінің жұтқыншақ маңынан сыртқа ашылады және тыныс алу органдары болып табылады. Ең соңында, олар үшін жүректің немесе оның орнын алмастыратын тамырдың құрсақ жағында орналасуы да тән.
Осындай арнайы белгілерімен қатар хордалылар үшін билатеральды симметрия, үшқабаттық, екінші дене қуысы тән. Жартылай хордалылар сияқты, хордалылар екінші ауызды организмдер болып табылады. Хордалылар Қабықтылар (Tunicata), Бассүйексіздер (Асгапіа) және Бассүйектілер (Craniata) немесе Омыртқалылар (Vertebrata) типтармақтарына жіктеледі. Бассүйексіздер Ланцетниктер (Атрһіохі) класынан тұрады. Бұл жануарлар теңіздердің жағалау маңы учаскелерін мекендеушілер болып табылады. Бұл типтармағының өте белгілі өкілі — ланцетник (Branchiostoma lanceolatum). Оның мөлшері ұзындыгы бойынша бірнеше сантиметрді құрайды.
Ланцетниктерде айқындалған басы, миы, жақтары, жүрегі болмайды. Бұл жануарлардың тірек қаңқасы хорда болып табылады. Еркін қимыл-қозғалыс жасауға қабілетті, дара жыныстылар. Шаруашылық маңызы жоқ. Эволюциялық тұрғыдан алғанда ланцетниктер хордалылардың эволюциясында екінші сатысында тұрып, омыртқалылардың эволюциясының жолашары болған.
Омыртқалылардың (Vertebrata) тері түрінде өте жетілген дене жамылғысы болады, ол екі қабаттан (көп қабатты эпидермистен және кориумнан) тұрады, оның туындылары қабыршақ, қауырсын, түк, тұяқ пен тырнақ болып табылады. Омыртқалы формаларында хорда омыртқа жотасымен алмасқан. Көптеген омыртқалыларда ересек күйінде сүйекті қаңқасы болады. Басы, көзі, аяқтары жақсы дамыған.
Бұлшықет жүйесі көлденен-салалы және бірыңғай-салалы бұлшық еттерге жіктелген. Асқорыту жүйесі өте күрделі. Ішегі үш бөлімге бөлінген. Бауыр және ұйқы безі бар. Тыныс алу қызметін желбезектер немесе өкпе атқарады. Қантасымалау жүйесі тұйық, көп камералы жүректен, артериялар мен веналар түріндегі тамырлардан тұрады. Қанның клеткалық құрамы өте жіктелген. Тұйықталмаған лимфа жүйесі болады.
Шығару жүйесі өте жетілген. Ол жұп бүйректен және несепағарлардан тұрады. Жүйке жүйесінің ерекшелігі сол, тіпті, төменгі сатыдағы омыртқалылардың өзінде ми дамыған, ал жоғары сатыдағы формаларында -ми жарты шарлары болады. Жүйке жүйесі орталық және перифериялық деп бөлінеді. Маманданған сезім мүшелері (мұрын, көз, құлақ) дамыған. Сол сияқты ішкі секреция бездері де дамыған.
Омыртқалылар үшін дара жыныстылық (кейбір дөңгелек ауыздылардың түрлерінен басқа) тән, жыныстық диморфизм жетілген. Аталық және аналық жыныс бездері жұп, ұрықтануы сырттай немесе іштей. Кейбір омыртқалыларға түрленіп даму тән. Типтармағы шегінде организмдердің аса үлкен құрылымдық және қызметтік алуан түрлілік байқалады, бұл олардың жіктелуін қиындатады және әзірге бұл типтармағындағы кластар саны жайында бірыңғай пікір жоқ. Дегенмен, кең тараған классификацияда Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata), Шеміршекті балықтар (Chonrichthyes), Сүйекті балықтар (Osteichthyes), Қосмекенділер немесе Амфибиялар (Amphibia), Бауырымен жорғалаушылар немесе Рептилиялар (Reptilia), Құстар (Aves) және Сүтқоректілер немесе Аңдар (Mammalia) кластарына бөледі. Омыртқалыларда Нох кластерлерінің (9-11 геннен тұратын 4 кластер) табылуына байланысты бұл гендердің қарапайым хорда-лыларда да, сонан соң алғашқы омыртқалыларда да олардың көшірмесі эволюцияда органдар жүйелері құрылысының жалпы жоспар бойынша және ұқсас бағытта дамуына себеп болды деп есептейді.