Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларда химиялық реакция жылдамдығы туралы білім қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: білім алушыларға гомогенді және гетерогенді реакциялар жылдамдықтары мен жылдамдыққа әсер ететін факторлар туралы білім беру.
Дамытушылық: химиялық процестердің жүру шарттары туралы дағдыларын және біліктерін дамыту;
Тәрбиелілік: білім алушыларды іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: катализ сызбасы, жылдамдықтың температураға тәуелділік кестесі, белсенділік энергиясының кему графигі.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: физика
Негізгі әдебиет:
Н. Н. Нұрахметов және т. б. Химия. 10 - сынып. Алматы, «Мектеп», 2006 ж (қоғамдық - гуманитарлық бағыт).
Қосымша әдебиет:
И. Нұғыманов және т. б. Химия. 9 - сынып. Алматы, «Мектеп», 2005 ж.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылардың сабаққа жалпы дайындығы тексеріледі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Жоспар:
1. Гомогенді және гетерогенді реакциялар.
2. Гомогенді және гетерогенді реакциялар жылдамдығы.
3. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер етуші факторлар. Катализ.
Дәріс тезистері:
1. Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін – химиялық кинетика деп атайды.
Химиялық реакциялар белгілі бір фаза шеңберінде немесе екі фазаның жанасу бетінде жүруі мүмкін. Химияда жүйе деп қарастырылатын затты немесе қоспаны айтады. Бір фазадан тұратын жүйені гомогенді, ал бірнеше фазадан тұратын жүйені гетерогенді жүйе деп атайды, сәйкес жүйеде жүретін реакцияларды гомогенді және гетеоргенді реакциялар деп жіктейді.
N₂(г) + O₂(г) → 2NO – гомогенді реакция
C(қ) + O₂(г) → CO₂ - гетерогенді реакция
2. A + B → C + D теңдеуі бойынша өтетін гомогенді реакцияның жылдамдығын қарастырайық. А затының концентрациясы t1 уақыт кезеңінде c1 тең. Ал t₂ кезеңінде c2 – ге тең. Сонда ∆t = t₂ – t₁ уақыт аралығында А затының концентрациясы ∆ c = c₂ – c₁ құрайды. Осыдан А заты бойынша реакцияның орташа жылдамдығы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама