- 12 қар. 2021 00:00
- 172
Ядролық қару
Ядролық қару — уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі - дейтерий мен тритийдің жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөліп шығаратын ішкі ядролық энергияны пайдалануға негізделген жаппай зақымдаушы қару.
Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады: соққы толқыны, жарық сәулесі, өткіш радиация, радиоактивті зақым, электромагниттік импульс.
Ядролық қарудың түрлері: атомдық, термоядролық және нейтрондық қарулар.