Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Инелік пен шегіртке

Бір күні шегіртке инелікке келіп:

— Кейде сен қанатыңды жайып, дірілдете қаққанда сүйсініп, ұзақ қарап тұрамын. Маған сенің биің өте ұнайды. Соны маған да үйретші, — деп жалынды.

Көңілін қимаған инелік:

— Жарайды, — деп көне кетті. Әлгі арада ол шегірткеге биін көрсете бастады. Қалықтап ұшты да, шыр көбелек айналды да, қанатын жазып, діріл қақты да. Бір кезде әбден сілесі қатып, шаршап құлады.

Мұның бәріне манадан бері қарап тұрған шегіртке:

— Бұл менің қолым емес екен, — деді де, қайрылмастан өз жөнімен жүріп кетті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама