- 10 қаң. 2020 00:00
- 302
Ишан жолдастарын қатты ұялтқан екен
Сырқаты жанына бата бастаған соң ишан бір күні екі жолдасымен бір құрдасын шақырып алып, жақсылап қонақ етіп күтіпті.
— Ишеке, жай шақырттыңыз ба? — деп сұрапты жолдастары кетерде.
— Мен, сірә, кешікпеспін. Көңілімді сұрасын, арманда қалмасын деп арнайы шақыртып ем. Қателік жасасам, кешіріңдер, — деп Ишан жолдастарын қатты ұялтқан екен.