Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Зат есім
Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат,
интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып ұраны:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу
Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.
Әр сөз табының ережесіне тоқталу, 2 - ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру.

2. Ойлан, тап:
3. Ойымызды жинақтайық:
Сөздер ------- Дұрыс жауабы --------- Сөз таптары
көйлек ----------------------------------- Сын есім
оқыды ------------------------------------ Зат есім
бесінші ------------------------------------ Етістік
суық -------------------------------------- Зат есім
қар --------------------------------------- Сан есім

ІІІ. Жаңа сабақ. Зат есім
1 - жаттығу
Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
* Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.
*Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?

Оқушылар 2 - ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.
Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.

ІҮ. Сергіту сәті
4. «Кім шапшаң?» ойыны.
2 - жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту.
- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру.
Кім? ----------- Не? --------------- Кімдер? ------------- Нелер?
бала ----------- қарбыз ---------- балалар ------------- жемістер
қыз ------------- кесе ------------- оқушылар ----------- ыдыстар

5. Тақтамен жұмыс.
3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

6. Өз бетіндік жұмыс.
4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік:...,...
Аңдар:...,...
Құстар:...,...
Отбасы мүшелері:...,...

7. Кім зерек?
5 - жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
*Сөздерге сұрақ қой.

Ү. Сабақты бекіту.
ЗАТ ЕСІМ

Кім? кімдер? Не? Нелер?
Заттың атын білдіреді
Жалпы, жалқы
Негізгі, туынды

ҮІ. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама