Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кім?, не? Сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Заттың атын білдіретін сөздерді басқа сөздерден ажырата алады.

Міндеті:
1. Мазмұнына байланысты міндет.
Тапсырмаларды орындау арқылы зат есімді табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет.
Оқушылардың ой өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Топтық міндет.
Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек схема, тақырыпқа байланысты дайындалған слайдтар, суреттер топтамасы.
Сабақтың әдісі: “Ой қозғау”, “Топтастыру”, “Еркін жазу”, “Бір айналым сөйлесу” стратегиялары.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалын оқып – үйрену сабағы.
Бағалау: Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарай.
Сабақтың құрылымы

І Қызығушылықты ояту
1. Оқушыларды 2 - топқа бөлу
Шаттық шеңберін құрып, бірін - бірі мақтайды.
2. Ой ашар. 5 - жаттығу тексеру
Ақ, көк, сары көбелек
Көріктісің керемет
Қуа - қуа шаршадым,
Жеткізбейсің, не керек?
3. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Сөз таптары
Жалпы қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Бастауыш сыныбында 4 сөз табымен танысамыз.
Жұмбақ шешу “Ой қозғау” стратегиясы.
Сөз табының ең басында тұрамын
Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым
Сөйлемде ой иесі боламын
Етістікпен көркейемін толамын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама