Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
10 саны және цифры. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар. Сандар қатары
Математика 1 сынып
Тақырыбы: 10 саны және цифры. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар. Сандар қатары.
Мақсаты: - Оқушыларға 10 санының құрылуымен таныстыру және «бір таңбалы, екі таңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру;
- Баланың өз бетінше тапсырмаларды орындау дағдысын жетілдіріп, логикалық ойлауын дамыту;
- Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, проблемалық.
Көрнекілігі: суреттер, таблица.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын түгендеу.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалау.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
Ауызша санауға сандардың құрамы туралы ойындар ойынатылады.(«Үйшік»).
Ауызша санауға 10 - ға дейінгі сандардың қатары туралы білімдерін қорытындылауға арналған жаттығулар жүргізіледі. Мысалы, « 5 - тен 7 - ге дейін сана», «Сандар қатарын қалпына келтір», «Көршілерін ата» т. б.
1 - ден 9 - ға дейінгі сандар құрамы бекітіледі. Бұған «Екі санмен ауыстыр», «Үйлерге орналастыр».

ІІІ. Жаңа сабақ:
Бір таңбалы сандар: 6, 1, 8, 9, 0
Екі таңбалы сандар: 10, 13, 21, 63

Бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы ұғымдар таныстырылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай түрлі жұмыстар ұйымдастырылады;
Оқулықтағы жазылған сандармен таныстырамын, содан соң тақтадан бір таңбалы және екі таңбалы сандарды табуды ұсынамын;
Оқушылар өздері қорытынды жасайтын жұмысты ұйымдастырамын, алдымен: «5, 7, 9 сандарын жазу үшін неше цифр қолдандық? Ал 10 санын жазу үшін неше цифр жазамыз? Тағы қандай екі таңбалы сандарды білесіңдер?» - деп сұрайды. Содан кейін 10 ең кіші екі таңбалы сан екенін түсіндіремін.
Он білесің басы ашық,
Тоғыздан соң келеді.
Саусақтарды санап шық,
Есебін сол береді.

Тоғызға бірді қосамыз,
Он санын енді тосамыз
Қостаңбаны кім білмек
Олар бір мен дөңгелек.

10 саны 10 бірліктен тұрады. 10 басы мен аяғы бар ең толық сан болып есептеледі. Себебі 10 санынан келесі сандардың қайталанып келу реті басталады. Енді жай сандар күрделі сандарды құрайды.
Оқулықпен жұмыс.
9 + □ = 10
□ + 9 = 10
10 - □ = □
10 - □ = □
□+□=10
□+□=10
10 -□=□

№1 тапсырманы орындату барысында алдыңғы сабақтарда меңгерілген өзара байланысты өрнектер құрастыра білу дағдыларына сүйенемін(қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы туралы білім). Бұл тапсырма көп еңбекті қажет қылатын болғандықтан, оны түгел дерлік дәптерге орындау міндеттеледі. Тапсырманы ұжым болып талдағаннан кейін оқушыларға жеке жұмыс беру. Дәптерге бір бағанға өзара байланысты өрнектерді жазып, соларға сәйкес сурет салу тапсырылады.
№3 тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар №2 тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындайды.

№4 тапсырмаға. (сурет бойынша)

Ол сурет бойынша өрнек құрастыра білу және өрнектерді салыстыра білу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Өрнек құрастыру үшін алдымен суретті талдайды. Оқушыларға сұрақтар қояды, тапсырмалар береді:
1. Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?
2. Оң жақта жылқылар мен құлындар суреті берілген. Қандай өрнек құрастыруға болады?
3. Оң жақтағы мен сол жақтағы текшелердің санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да, салыстырудың «>», «<» таңбаларын="" қоямыз.="" қандай="" таңбаны="" қою="" керек,="" неліктен?="" теңсіздікті="">

№5 тапсырма кеңістікті елестету, заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға 10 санын жазу жұмысы барысында 10 саны 1 және 0 цифрларының көмегімен екі көрші торкөздерде жазылатындығы түсіндіріледі.
№3 тапсырма жұлдызшаның орнына салыстыру белгісін қойып жазады.
№5 тапсырманы орындау кезінде үштен берілген шарларды әртүрлі қалай бояу керектігі анықталады.

ІV. Сабақты қорытындылау.
- 8 - дің алдына қандай сан келеді?
- 5 санының көршілері қандай сандар?
- Жылдың тоғызыншы айы қалай аталады?
V. Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама