Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
16 желтоқсан - тәуелсіздік күні

Әр елдің тәуелсіздік алған күні - есте қалар ерекше сәт. Біздің еліміздің тәуелсіз болып жарияланған,яғни 16 желтоқсан ата - бабаларымыздың арманы орындалған ерекше күн. Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл.

Бұл - еліміз үшін айтулы мереке.

     Тәуелсіздік күні 1991 жылы тәуелсіздік туралы қол қойылған заң ретінде жыл сайын 16- ыншы желтоқсан күні атап өтіледі. Әртүрлі концерттер қойылып, іс - шаралар өтеді. Алайда,бұл күн тек қуаныш күні емес. Себебі,тәуелсіздікке түрткі болған 1986 жылғы 16 желтоқсандағы студенттер көтеріліс еске алынып,оларға құрмет тұтылады. 

      Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Түркия мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн.

      Бастан өткен бар қиындықтарға қарамастан,еліміз тәуелсіздікке жете білді. Бұл тарихымызда мәңгі қалатын оқиға,сол себепті оның маңызы зор болып қала бермек. 

т.ғ.к Жұмаділ м


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама