
- 05 ақп. 2024 11:56
- 603
2024 жылғы 06-08 ақпанға ауа райы болжамы
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 06-08 ақпанға ауа райы болжамы
Тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін қатты жауын-шашынның түсуіне
ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік
өңірлерде негізінен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен ылғалды қар
түрінде, сондай-ақ бұрқасынмен желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.