f.azh.kz
- 04 қаң. 2026 17:01
- 34
2026 жылдан көлік салығы өзгермек: ескі автоға коэффициент, фермерге жеңілдік
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан көлік салығын есептеу тәртібі жаңарады. Бұл өзгерістер автокөлік иелерінің жылдық төлеміне және салық есептілігінің рәсіміне тікелей ықпал етеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ескі автомобильдерге төмендеткіш коэффициент
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеңіл автокөліктер үшін пайдаланылған мерзіміне қарай төмендеткіш коэффициент енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, пайдалану мерзімі 10–20 жыл аралығындағы көліктерге — 0,7, ал 20 жылдан асқандарына — 0,5 коэффициенті қолданылады. Салық жыл қорытындысымен төленетіндіктен, 2026 жыл үшін есептелген сома 2027 жылы төленеді.
3 000 см³-тен жоғары қозғалтқыштарға қатысты жеке ставкалар алынды
3 000 текше сантиметрден жоғары қозғалтқыш көлемі бар жеңіл көліктерге қатысты бұрын көзделген жеке ставкалар алып тасталды. Бұл норма Қазақстанда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген (жинақталған) немесе дәл осы күннен кейін елге әкелінген көліктерге қатысты өзгертілді.
Фермерлерге бір пикап бойынша босату
Қосымша жеңілдік ретінде әрбір шаруа немесе фермер қожалығы бір жеңіл моторлы көлікке (жүк платформасы бар, жүргізуші кабинасы мен жүк бөлігін қатаң стационарлық қалқа бөліп тұратын пикап түрі) көлік салығынан босатылады. Бұл жеңілдік өзге қолданыстағы ауыл шаруашылығы жеңілдіктеріне қосымша ретінде беріледі.
Санаттау мен есептілік жеңілдейді
Көлік түрін «пикап, джип, лимузин, фургон» деп бөлу тәжірибесі тоқтатылады. Енді көліктердің санаты көлік құралының тіркеу куәлігіндегі жүргізу құқығы санатына (A, B, C, D) сәйкес айқындалады. Сондай-ақ салық нысандары қысқарады: 2026 жылдан бастап көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі тапсыру міндеттемесі алынып тасталады. Салық төлеуші тек жылдық декларация тапсырып, төлемді жыл қорытындысымен бір рет жасайды.
-
БАҚ дерегі бойынша, рейд түнгі 2-де басталып, ПВО-ны басуға 150-ден аса ұшақ жұмылдырылған; оқиғаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 5 қаңтарда шұғыл отырыс өткізеді.