Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
2026 жылғы көлік салығы: 10–20 жылдыққа 0,7, 20 жылдан асса 0,5 коэффициент

Қазақстанда 1 қаңтар 2026 жылдан бастап көлік салығына қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Төмендетілген коэффициенттер енгізіліп, есептілік жеңілдетілді — өзгерістер мыңдаған автокөлік иесінің жылдық төлеміне тікелей ықпал етеді.

Қашан күшіне енді және қашан төленеді

Жаңартылған нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан қолданыла бастады. Көлік салығы жыл қорытындысы бойынша төленетіндіктен, 2026 жыл үшін сома 2027 жылы есептеліп, төленеді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК).

Ескі көліктерге төмендетілген коэффициенттер

10 жылдан 20 жылға дейін пайдаланылған жеңіл автокөліктер үшін есептеуде 0,7 түзету коэффициенті қолданылады. Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан жеңіл көліктерге — 0,5 коэффициенті қарастырылған.

Қозғалтқыш көлеміне қатысты бұрынғы ставкалар алынды

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда жасалған немесе осы күннен кейін елге әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 куб см-ден жоғары жеңіл көліктерге қатысты арнайы ставкалар нормасы алып тасталды.

Категорияны техпаспорт анықтайды

Енді салықты есептеу кезінде көлік құралының санаты кузов түріне (пикап, джип, лимузин және т.б.) емес, тіркеу куәлігіндегі категорияға сәйкес белгіленеді: A, B, C немесе D.

Фермерлерге пикап бойынша жеңілдік

Крестьяндық/фермерлік шаруашылықтар басқа жеңілдіктермен қатар, бір шаруашылыққа бір пикаптан көлік салығынан босатылады.

Есептілік қысқарады

Ағымдағы төлемдер бойынша есепті тапсыру міндеті алынып тасталды. 2026 жылдан бастап салық төлеуші тек жылдық декларация ұсынады және төлемді жыл қорытындысы бойынша бір рет жүргізеді, деп нақтылады МКК.

Жаңалықтар

Жарнама