Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - әлем әдебиеті үшін символикалық дата Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін бекітуге себеп болды. 1616 жылы бұл күні М. Сервантес, У. Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега өмірден озды. Бұл сондай - ақ Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж. Пла мен Мануэль Мехиа Вальехо сынды танымал авторлардың туған немесе қайтыс болған күндері.

1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО - ның Бас конференциясы бұл күні кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы қабылдаған шешімі қисынды. ЮНЕСКО баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға және адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады.

Кітаптің көмегімен біз ең алдымен, білімге, идеяларға, рухани және моральдық құндылықтарға қолжетімділікті аламыз, сұлулық пен адамзаттың шығармашылық жетістіктерін түсінеміз.
ҚазАқпарат.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама