- 15 қаз. 2019 00:00
- 293
30 жасқа құттықтау
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Алатау аясында жүйрік мініп,
Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.
Туған күн,
Өткен дәурен түседі еске,
Бәрі айналғандай түс-елеске.
Өрлесең өркен жайып қия, шыңға,
Ардақты әкеміздің күші емес пе!
Қаумалап айналаңды қызың, ұлың,
Балынан таттық тірлік қызығының.
Құлыны орда бұзар жасқа жетіп,
Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін.
Өмірдің мәні алға ұмтылуда,
Талпындың мақсат – тауға бір шығуға.
Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едің,
Кезінде кездеспесең бір сұлуға.
Өзіңді жүреміз біз арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет,
Жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық!
*** *** *** ***