Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
38 жастағы журналист Жанар Байсеміздің отбасылық құпиясы: Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу себебін айтты

Белгілі журналист Жанар Байсеміз өзінің жеке өміріне қатысты тың деректерді жасырмай айтып берді. Ол 38 жасында шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу туралы шешімін және оның себептерін Аман Тасығанға берген сұхбатында ашып көрсетті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен әдейілеп шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуды жоспарлаған жоқпын. Тағдыр солай жазды. Бұл менің таңдауым болды. Әйтпесе, мен де қазақтың жігітіне тұрмысқа шығуды армандайтынмын», - дейді Жанар Байсеміз.

Ата-ананың қолдауы

Журналист ата-анасының бұл шешімге қалай қарағаны туралы сұраққа: «Ешкім қарсы болған жоқ. Анама хабарласқанымда, ол кісі алғашқыда сәл абдырап қалды. Бірақ әкем бірден қолдап, батасын берді. Мен үйдің тұңғышы болсам да, өзімді өзім бағалайтын, жеке өмірімді өзім шешетін жаста едім. 38 жаста болсам да, әлі жас көрінетінмін», - деп жауап берді.

Жолдасы туралы

Жанар Байсеміздің жолдасы – итальян ұлтының өкілі. Оның тегінде молдаван, поляк және украин қандары да бар екені айтылады. Күйеуінің Одессада өскендіктен, үйде көбіне орыс тілінде сөйлесетіндерін, алайда ол қазақ тілін үйренуге уәде бергенін жеткізді.

Әкесінің «ұлты маңызды емес, адамгершілігі болса болды» деген сөзі Жанардың шешімін одан әрі нығайтқан. Сонымен қатар, күйеуінің ислам дінін қабылдауы журналист үшін үлкен қуаныш болғаны айтылады.

Ерлі-зайыптылар Атырауда танысқан. Жанардың айтуынша, олар әлемнің көптеген елін араласа да, тағдырдың жазуымен дәл осы қалада кездескен. Күйеуі қазақ дәстүрін құрметтеп, қалың мал төлеп, барлық жоралғыларды орындаған. Енесі де Жанарды жылы қабылдап, жақсы қарым-қатынас орнаған.

Жаңалықтар

Жарнама