8 наурыз мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам!"
Айналайын ақ мамам!
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжемізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!
1 - Оқушы:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық.
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
2 - Оқушы:
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз.
1 - бала:
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
2 - Бала:
- Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
3 - бала:
- Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын!
4 - бала:
- Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
5 - бала:
- Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз барлығы сіздерге арналады.
Ән: Ақ мамам.
Тақпақтар:
Сіздермен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар.
***
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
***
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
***
Жан ана жарық күн жанарың,
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын.
***
Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жаныңа гүл егем
Балалық жүректен айтылған,
Махаббат белгілі бұл өлең.
***
Ойын: «Қай топ жылдам?»
«Менің қалтамның ішінде не бар?»
Тақпақтар:
Аялаған анамыз
Саялаған санамыз
Шынары боп өсеміз
Ана біздің гүліміз
Үланды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
***
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызыңмен
***
Мен не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың.
Көрініс: Үш ана
Қатысушылар: жүргізуші, қыз, ана, әже.
Жүргізуші:
Ойына келген Жанара
Қуыршағын іздеді
Үстелдің астынан тапты да
Хал сұрауды көздеді
Жанара:
Қызым менің қалайсың?
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отыр ма?
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аласың
(қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші:
Жанараны осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халын сұрап біледі.
Анасы:
Жанаржан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтан әлде ойынды
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай
Тамағыңды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін?
(Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан
Аптығып әжесі кіреді
Ол өз қызының
Халін сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын алтыным
Шаршадың ба жарқыным
Ішпедің ау тамақты
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Соткімен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың
(Қызының қасына отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Би: «Көбелектер»
1. «Қай топ бірінші киініп болады?»
2. «Менің қалтамның ішінде не бар?»
Тақпақтар:
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық жырын арнаймыз.
***
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің,
Ұсынамыз бүгін біз,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
***
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
***
Жақсы оқыған сабағын,
Балаға мен ағамын,
Біздер үшін Ананың,
Бұлт баспасын қабағын.
***
Бүгін – наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі.
Ойын:
1. «Сезімтал ана». Аналары балаларын даусынан тану керек.
2. «Мимикамен көрсету»
Аналарға карточкада қандай іс – әрекетті көрсету керектігі жазылып тұрады. Соны біздің аналарымыз көрсету керек.
1. Баласын мәпелеп отырған ана.
2. Жұмысқа асығып бара жатқан ана.
3. Баласына ұрсып жатқан ана.
4. Баласына женжіп қалған ана.
5. Баласын мақтан тұтып тұрған ана.
6. Баласын еркелетіп тұрған ана.
Балалар сендер «Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөзде келеді.
Мына сөздердің қайсысы келеді?
«Еркелетіп ата» ойыны.
Аналары балаларын қалай еркелетіп атайды екен? Білейік?
Ән: «Айналайын, ақ мамам!»
Жүргізушінің сөзі:
• Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоқтарын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Шал ақын ауданы, Ыбыраев ауылы,
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектеп.
Сарсикеева Алма Ескаковна