Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
8 санының құрамы
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқу - танымдық, коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік, экологиялық тәрбие және салт - дәстүр ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты - коммуникативтік технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, суреттер оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
- Балалар мен сендерге дайындап әкелген сұрақтарым бар еді, сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші! Ендеше «Ойлан тап» ойынын ойнайық.
1. Біздің мемлекетіміз / Қазақстан /
2. Елімізді кім басқарады? /Елбасы/
3. Елбасы кім?
4. Қазақстан мемлекеті қандай? / Тәуелсіз егеменді ел /
5. Алда қандай мереке келе жатыр? / Тәуелсіздік алған күн 16 желтоқсан /
6. Ұлтымыз және тіліміз? /қазақ /
7. Әр ұлттың ұлттық несі болады? /салт - дәстүрі/
- иә дұрыс айтасыңдар балалар.
- Олай болса бүгінгі сабағымызда осы қазақтың ұлттық ойындарын ойнайық

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Өткенді еске түсіру «ханталапай ойыны» / асықтағы жазылған сандар арқылы сан құрамдарын еске түсіру /
Ережелерді еске түсіру.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ:
«Бәйге ойыны» 1 - есеп
Шарты: қиярларды екі тарелкаға бөліп салу, яғни шапшаң тез ойлап табу.
7 1
2 6
5 3
4 4

Теңдіктер құр. Оларды оқы: / ережелерді еске түсіру/
7+1=8
6+2=8
5+3=8
8 - 1=7
8 - 2+6
8 - 3=5

«Ақсүйек ойыны»
Шарты: түн дегенде көзімізді жұмамыз, күн дегенде ашамыз. Егер ақсүйек кімнен табылса сол бала тапсырма орындайды.
2 - есеп Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
8см 7см 6см
8см > 7см
7см > 6см
8см > 6см

«Теңге ілу» ойыны
Шарты: теңгені іліп алып, тапсырмасын орындау.
3 - есеп Берілген фигуралардан өрнектер құру:
2+1=3
4 - 2=2
3+1=4
3 - 1=2

Сергіту сәті:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй, әй, балақай,
Жамандықтан қаш.
«Бүркіт салу» ойыны
Шарты: мергендікпен аңдарды көздеу. Атқан аңның тапсырмасын орындау.

4 - есеп Салыстыр:
0 6см
5 5см
8 - 5=7 - 4
2+4 0+3
7 - 4=8 - 5
8 - 3<>
0+3<8 -="">

Сабақты қорытындылау кезеңі.
«Көкпар» ойыны
Шарты: екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындау
– Қай санның құрамын құрдық? (8)
– Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Сабақ несімен ұнады?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама