Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 15 нау. 2026 06:30
- 24
85 жастағы анасымен билеген Бүркіттің отбасылық видеосы жұртты тәнті етті
Танымал әнші Бүркіт желіде ерекше отбасылық видео жариялады. Видеода әнші 85 жастағы анасымен және жұбайы Аишамен бірге билеп жүр. Бұл көңілді сәтке әкесі де куә болып, шаттанып отырған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ана мен баланың биі
Әнші видеоның астына «85-ке келіп осылай билеп көрші» деп жазған. Отбасылық бақытқа кенелген жазбаны көрген оқырмандар әншінің отбасын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Желі қолданушыларының пікірлері
Желідегілер әншінің анасы мен жұбайының жарасымды биін жоғары бағалап, «Ең бастысы ата риза», «Анасы мен қызы сияқты, әдемі жарасымды жанұясыңдар», «Нағыз үлгілі, тәрбиелік мәні жоғары дүние көрсетіп тұрсыңдар», «Бүркіт әйел таңдаудан қателеспеген екен, еш жасандылық жоқ» деп пікір қалдырды.