Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
Әдебиет 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын түсіндіру, А. С. Пушкиннің шығармасы А. Байтұрсыновтың аудармасы «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстырып, идеялық - тақырыптық мәнін ашып талдау; қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірінің шалына, алтын балыққа жасаған астамшылығын, қиянатын, өрескелдігін дәлелдей отырып, қомағайлықтан тартқан сазайын сипаттау арқылы оқушыларды осы қасиеттерден жирендіру;

Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, мәтіннің мазмұнын меңгереді, біріге қорытынды жасайды.
2. Оқушылар шығарманы ұғынып оқып, әр нәрсенің қанағаты болатынын бағамдайды, жақсы мен жаманды ажырата білуге, адамгершілікке тәрбиеленеді.
3. Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады. Оқушылардың сыни көзқарасы қалыптасып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік тапсырмалар орындайды.
Сабақтың нақылы: Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар. (Майқы би)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Қолданылатын стратегиялар: СТО стратегиялары: Ойлану баспалдағы, РАФТ, Т кестесі, Соңғы сөзді маған қалдыр, Автор орындығы.
Қолданылатын көрнекіліктер: А. Байтұрсыновтың және А. С. Пушкиннің портреті мен танымдық альбомдары, «Балықшы мен балық» ертегісінің видеожазылымы, мультимедиялық слайдтар, интерактивті тақта, бетшелер.
Бағалау: мұғалімнің жеке бақылауы бойынша бағалау.

Сабақтың жүрісі:
1. Қызығушылықты ояту.
«Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша
Күтілетін нәтиже: Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қорытындылау.
2. Мағынаны тану. Аудармашы Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат беру;
Ахмет Байтұрсынов - балаларды оқу - білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы - педагог, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, сөз құдіретін танытқан ақын, публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, өз еліне адал қызмет атқарған қоғам қайраткері.

А. Байтұрсынов аудармалары туралы мәлімет
Авторлары ------------------- Аудармалары
А. С. Пушкин ---------------- "Балықшы мен балық", "Данышпан Аликтің ажалы", "Ат", "Алтын әтеш"
М. Ю. Лермонтов ----------"Мцыри"
Араб тілінен -----------------«Нәбік аты»
Вальтер ------------------------«Алтын әтеш»
С. Я. Надсон ------------------«Шайылған көз жасымен»
И. А. Крылов -----------------"Қырық мысал" жинағы
И. И. Хемницер ------------- "Ат пен есек"

2. 1. Жаңа сабақ. Шығарманың мәні мен мақсатын ұғындыру. Әдеби ертегі туралы түсінік беру. Әдеби ертегі – халық аңызының негізінде туған, авторы белгілі шығарма.
«Балықшы мен балық» видеожазылым арқылы көрсетілді;
мультимедиялық слайдтар арқылы түсіндірілді;
Күтілетін нәтиже: А. Байтұрсыновтың аудармасы Пушкиннің әңгімесі «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру.

2. 2. Мәтінмен танысу, мағыналық құрылымдық талдау.
(А. Байтұрсынов үлгісімен)
Бастамасы ---------------- Балықшының қарапайым тұрмыс кешуі
Ұсынбасы ----------------- Балықшы шалдың торға түскен алтын балықты босатуы
Мазмұндамасы --------- Парықсыз кемпірдің алтын балыққа тойымсыз қолқасының орындалуы
Қыздырмасы ------------- Су патшасы болуды аңсауы
Қорытпасы ---------------- Баяғы қалпындағы астау үйге оралуы
Күтілетін нәтиже: шығарманың композициялық құрылысымен танысу.

2. 3. Кейіпкер әрекеттерін талдау
"Т кестесі" бойынша
Оқушы жұмысы
Келісу себептерім
Кемпір - Жақсы тұрмыс сүруді қалайды.
Шал - Алтын балықты босатты.
Келіспеу себептерім
Кемпір - Қанағатсыз, өте парықсыз, байығасын шалын да танымайды.
Шал - Бір жақсылығы үшін қайта - қайта балыққа қолқа сала берді, өз кемпірінің қателіктеріне қарсы келмейді.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырып, өзіндік пікірін дәлелдеу бағытында шығарма кейіпкерлерінің іс - әрекеттеріне қарай өзіндік талдау жасау (әр оқушы өз бетшелеріне толтырады)
2. 4. РАФТ стратегиясы бойынша жұмыс
Тапсырманың үлгісі:
РОЛЬ -------- АУДИТОРИЯ ------- ФОРМА ------- ТАҚЫРЫП
Шал ---------- Кемпірге ------------- хат ------------ түсінбеушілік
-------------------------------------------------------------- түсінушілік
Күтілетін нәтиже: қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірінің шалына, алтын балыққа жасаған астамшылығын, қиянатын, өрескелдігін дәлелдей отырып, қомағайлықтан тартқан сазайын сипаттау бағытында өзіндік ой - толғаныс жазу.
Оқушы жұмысы: Амансың ба, кемпір? Мен саған осы реніш хатымды жаза отырып, сенің қателіктеріңді айтқым келеді. Отыз жылдан бері балық аулап келе жатырған менің торыма алтын балық ілігіп, басым бір пәлеге қалды емес пе? Қартайғанда күнәҺар болмайыншы деп, оны босатып жібергенімді де саған бекерге айтқанмын. Бір сенің бірнеше тапсырмаңды орындатамын деп мен алтын балыққа қанша бардым... Қазір ойласам, тіпті ұят! Ал сен алтын балықтың бар жақсылығын қанағат тұтпай, астамшылық жасадың. «Көп асқанға - бір тосқын»- деген сөз тегін айтылмаған ғой. Сол астауда тыныш өмір сүрсек болғаны да... Сәлеммен Балықшы шалың.

3. Ой - толғаныс
"Соңғы сөзді маған қалдыр".
Берілген мақал - мәтелдер ------------------------------------------------ Мақал - мәтелдерге менің пікірім
Қанағатсыздың көзі үлкен
Ақылсыздың сөзі үлкен.
Қанағатсыз жан - пілге оқталған жылан
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты
Тойсаң тобаңнан жаңылма
Ер азығы - қанағат
Күтілетін нәтиже: Оқушылар берілген мақал - мәтелдердегі қанағатсыздық қасиет туралы өзіңдік пікірлерін жазып, ортақтасады.
3. 1. Сабақ автор орындығы бойынша қорытындыланды. Автор орындығына осы сабақтағы білім дағдыларын толық меңгерген оқушы ғана отыра алады. Бұл әдістің тиімділігі:
1. Сабақта өтілген материалдар қорытындыланады.
2. Сұрақ - жауаптар арқылы білім бекітіледі.
3. Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.
4. Автор орындығына отыруға тырысады.
Мұғалім қорытындысы.
4. Бағалау (мұғалімнің қалауынша)
5. Үй тапсырмасын беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама