Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қарлығаштың қасиеті
Сынып: 2
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың қасиеті (презентациясымен)
Сабақтың мақсаттары:
1) Дамытушылық: Мәтінді оқыта отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушыларды мәнерлеп оқу, ауызша, жазбаша баяндау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін ояту, бір - бірін және ата - аналарын сыйлауға тәрбиелеу. Ұқыпты, таза жүруге үйрету.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қима,
Әдісі: СТО стратегиялары
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы
1. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Сыныпты құстар, аңдар, ағаштар, бунақденелілер аттары жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлемін.
Үй тапсырмасын сұрау
«Автор орындығында» стратегиясы арқылы «Табиғатты аяла» тақырыбында жазып келген әңгімелерін, құрастырған өлең шумақтарын әр топтап бір оқушыдан оқиды.

II. Мағынаны тану
Жұмбақ шешу
Бұдыр - бұдыр балшықты.
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа.
Үй салады жабыққа.
Шешуі: қарлығаш

1 - тапсырма Қарлығаш туралы не білеміз? Әр топ өз білгендерімен қарлығаш сөзіне ассосация құрады.
Флипчарттарын қорғайды. Бір - бірін қайталамайды.

Қасиет деген сөзді қалай түсінеміз?
Топтардың жауабы тыңдалады.

Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық
Қане, қанат қағайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Оқулықпен жұмыс
(Слайдтан қарлығаш туралы материалдар көрсетемін)
Мәтінді тізбектеп оқыту.
Мәтіннен алған мәлімет бойынша флипчарт толықтырылады.
(Мәтін неліктен «Қарлығаштың қасиеті» деп аталғаны ашылу керек.)
2 - тапсырма
1 - топ қарлығаштың суретін салады.
2 - топ қарлығаш сөзінен жаңа сөздер құрастырады.
3 - топ қарлығаштың ұясының суретін салады
4 - топ қарлығаштың шаруашылыққа пайдасы туралы айтады.

Сергіту сәті: ( Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау)
Аппақ болып таң атты
Түтін тік боп шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.

3 - тапсырма
Қима қағаздармен қосымша материалдар үлестіріледі.
ЖигСО – 1 стратегиясын пайдаланамын.
1 - топқа
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар.
2 - топқа
Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар - лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы - ғашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман - тоғай, өзен - көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын - шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi
3 - топқа
Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп - шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
4 - топқа
Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін - жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Сонда әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «қарлығаш би» деп атаған екен.
Әр топтың спикерлері берілген материалдың мазмұнын айтып береді.

Ойын «Бұл қай құс?» (слайд)
Ақ көгершін – бейбітшілік құсы.
Аққу – сұлулықтың белгісі.
Бұлбұл - әнші құс.
Тоқылдақ – орман дәрігері.
4 - тапсырма
Берілген сөздерден сөйлем құрап, дәптерге жазу.
1 - топ: Құстар, келеді, көктемде, жылы, жақтан.
2 - топ: Мейірімді, құс, қарлығаш.
3 - топ: Біз, қорғаймыз, құстарды.
4 - топ: Досымыз, құстар, біздің.
Қарлығашқа байланысты ырымдар (тақтадан оқылады)
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң.

III. Ой толғаныс
5 - тапсырма
Топтарға жағымды және жағымсыз қасиеттер жазылған парақшалар (таза, салақ, ұқыпты, мейірімді, қатыгез, бауырмал, ізетті, әдепті, шыншыл, мақтаншақ, жалқау, еңбекқор) беріледі де оқушылар оны тақтадағы орнын тауып жапсырады.
«5 жолды өлең» стратегиясы
Не? Қарлығаш
Қандай? Балажан, таза
Неғылды? Ұшты, салды, қонды.
Қарлығаш – құс.
Қарлығаш - өте пайдалы құс.
Бағалау
Үйге тапсырма: Тақырып мазмұнына байланысты сурет салу, қарлығаштан басқа да киелі, қасиетті құстар туралы материал жинау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама