- 16 қаң. 2018 00:00
- 234
Абай ауылының Тоғжандары
Үкілі камшат, бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашы төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасар белге...Осы әнді естіген сайын қаймағы бұзылмаған қазақ салты мен дәстүрін бойына жинаған қазақ қызын елестетесіз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығын қарсы алу барысымен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің рухани құндылығы қыз ұлағатын дәріптеу мақсатында «Ақжар»жалпы орта мектебінде «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Мамырова Балжан апайымыздың ұйымдастырумен «Абай ауылының Тоғжандары» атты қыз сыны байқауы 5– сынып қыздарының арасында өткізілді. Қыздар 5 кезең бойынша бақталасты. 1-кезең бойынша қатысушы арулар өздерін таныстырып өтті.Қазылар алқасы,сондай-ақ олардың сахнада өзін-өзі ұстай білу мәнері мен ұлттық киім үлгісіне мән берді. «Ақыл жастан ,асыл-тастан шығады» кезеңінде аруларымыздың салт-дәстүр мен мақал-мәтелдерді білу бойынша білім бойынша білім деңгейлері бағаланса, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында көрермендер қатысушылардың ән айту,би билеу, мәнерлеп өлең оқу бойынша өнерлерін тамашалады. Қызықты әрі тартысты өткен байқау қортындысы бойынша,аруларымыз әртүрлі номинациямен марапатталды. Аруларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді. Байқау өз дәрежесінде өткізілді. Ұйымдастырған Мамырова Балжан апайымызға алғыс айта отырып, осындай сайыстар өткізе беруіне қолдау білдіреміз.