Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Сабақтың тақырыбы: Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Блум таксономиясы әдіс - тәсілдері, салыстыру,
талдау, инсерт т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай портреті, шығармалар жинағы, «Абай әліппесі» оқу - әдістемелік құралы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. Өткенді еске түсіру. Қосымша сұрақтар қойылып, жауап алынады. Дәптерге күннің реті мен
жаңа сабақ тақырыбы жазылады.
Интерактивті тақтадан Абай суреті мен сабақ эпиграфы көрсетіледі.
«Абай - қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ел болуына ұлан - ғайыр еңбек еткен данагер...» (Н. Ә. Назарбаев)
Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары:
− Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?
− Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз?

Теориясы «Білу».
Жаңа сабақ «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайтану әліппесі аудио құралы арқылы сөйлейтін қалам көмегімен оқу. Мәтінге талдау жасату. (Оқушылар өздері ұғынған мәліметтерді айтады) Бұдан соң «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайдың шығармалар жинағынан қарап мәнерлеп оқып танысады.
Түсіндіру әдісі: «Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Өлең алдымен қазақтың кескінін көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі әлемі - мінезін аша бастайды. Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр.
Халықтың надандығы мен әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың - жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді, мылжың, бөспе, күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу себебі - өз малына өзі ие емес сорлы.
Қосымша мәлімет: Бұл өлең 1886 жылы жазылған. 30 жолдан тұрады.
Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910) бойынша алынды.
Теориясы «Түсіну». Абай тілінің сөздігін жасау.
Тыртың - қолдан келмейтін тыраштанған іс - әрекет
Қиқым - Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы
Ырық - өз қалауы, еркі
Сиық - түр - тұрпат, көрік, түр - сұрық
Қырт, қыртың - көп сөйлеу, мылжың
Шырық - берекені алу, мазалау

Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама