- 05 нау. 2024 03:35
- 167
Абайдың табиғат лирикасы
Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын, лирикалық өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Абайдың өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздері, буклеттер, абай туралы жазылған кітаптар көрмесі.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ойға шақыру, тест, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасау
- түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тұрар Рысқұлов туралы мағлұмат жинау.
2. Бала Тұрар әңгімесін оқып, мазмұныны айту.
- Мұғалімнің аты жөні кім?
- Мұғалім Тұрардың дәптеріне неге үңілді.
- Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?
- Тұрар жазған сөздерін қалай түсіндірді?
- Ал тақта алдында тұрған Тұрардың портретін жазушы қалай суреттеген
- Иван Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты.
- Бала Тұрардың бойындағы қасиеттерді ата.
- Тұрарға күлген Айбаровқа мінездеме бер.
Сабақтың барысы:
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?
- Қандай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар?
- Қыс, жаз, күз, көктем
- Осы жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?
- Абайдың қыс, жаз, жазғытұры, күз өлеңдерін білеміз.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?
- Айбай жайлы, оның өлеңдері жайлы
- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасымен танысамыз.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болмақ?
- Бүгінгі сабақта біз Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұныны ашу, олармен танысу.
- Дұрыс балалар.
- Абай кім?
Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.
Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.
- Абайдың шыққан тегімен таныстыру.
Абай тегі – Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)
“Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ( Абай)
- Бұл сөзін қалай түсінесіңдер?
- Қазір Абай болмаса да, артынан із қалдырған, өлеңдерін қалдырған.
- Дұрыс, сондықтан бүгінгі Абайдың артынан қалған өлеңдерін өтеміз.
- Лирика дегеніміз не?
- Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан - дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші.
Лириканың 4 түрі бар.
1. Философиялық
2. Саяси
3. Махаббат
4. Табиғат
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым - қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
1 – тапсырма:
1 топ: «Қыс» өлеңі мәнерлеп оқып беру
2 топ: «Күз» өлеңін оқып беру
3 топ: «Жаз» өлеңін оқып беру
Сергіту сәті:
Тоғай, тоғай, көп тоғай,
Көп тоғайда, көп торғай.
Тоғай іші қапырық,
Дем алайық отырып.
Орнымыздан тұрайық,
Қанатымызды жазайық.
Қағып – қағып алайық,
Орнымызға қонайық!
Абайдың табиғат лирикасы. жүктеу

-
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері.1 - ші сәбилер тобыҚуыршақтарға қонаққа.