Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Әдебиеттік оқу. 4 - класс
Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұрым.
І. Жансүгіров. Жазғытұрым
Сабақтың мақсаты: Өлеңдердің мазмұнын ашу.
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыра отырып, өз ойын жүйелі айта білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын арттыра отырып, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ізденуге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық сәт (хормен)
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Күлші, кәне достым!
Күлші, кәне достым!
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын!
Біздің 4 - тік, 5 - тік бағалар
Күнделікке толсын!
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың басқа сабақтан өзгешелеу топтасып жұмыс істейміз. Тағы бір ерекшелік - топтар бір - бірін бағалайды.

ІІ Жаңа материалды меңгерту
Балалар, мына күй таспадағы дыбыстарды тыңдай отырып, жұмбақты шешейік.
Табиғатты құлпыртып,
Әдемі көйлек кигізіп,
Құстарды да сайратып,
Аңдарды да ойнатып,
Түрлендіріп әлемді,
Жан бітірген бәріне,
Бұл қай кез екен?
- Көктем
- Өте жақсы. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тарауымыздың тақырыбы «Масатыдай құлпырар жердің жүзі»
- Ендеше, үлестірмелі қағаздағы тапсырмаларға жауап берейік. Әр топқа тапсырмалар таратылып беріледі.

І топтың тапсырмасы: Сурет бойынша әңгіме құрау
ІІ топтың тапсырмасы: Көктем мезгілінде жер беті қандай өзгерістерге ұшырайды?
ІІІ топтың тапсырмасы: Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
ІV топтың тапсырмасы: Мақал - мәтелдің мағынасын ашу
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.

- Балалар, бұл жылдың қай мезгілі туралы айтып жатырмыз?
- Көктем.
- Ендеше, бұл тарау Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен және І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен басталып тұр.
- Абай Құнанбаевтың және Ілияс Жансүгіровтың өмірімен таныстыру.
- Өлеңді жатқа айту
- Өлеңді оқушылардың іштей оқып шығуына мүмкіндік беру.
Әр топқа тапсырма беріледі.
І топтың тапсырмасы: Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін көркем тілмен жеткізу
ІІ топтың тапсырмасы: Осы өлең жолдарынан теңеу сөздерін табу
ІІІ топтың тапсырмасы: І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін көркем тілмен жеткізе білу
ІV топтың тапсырмасы: «Жазғытұрым» өлеңінде көктемнің қандай белгілері айтылған.
Санамалап айт.
Әр топ қарсылас топтардың жауаптарына қанағаттанды ма? Әлде толықтырар кім бар?
Келесі тапсырмаға назар аударайық.
І топтың тапсырмасы: Екі өлеңнің ұқсастығын ата
ІІ топтың тапсырмасы: Екі өлеңнің айырмашылығын ата
ІІІ топтың тапсырмасы: Көктем туралы шағын шығарма жазу
ІV топтың тапсырмасы: Көктем туралы сурет салу

ІV Бекіту
- Сонымен, бүгін біз қандай жаңа тарауды бастадық?
- Масатыдай құлпырар жердің жүзі
- Бұл тақырып қай мезгіл туралы?
- Көктем
- Кімнің өлеңдерімен таныстық?
- А. Құнанбаев, І. Жансүгіров
- Өлеңдерінде ұқсастықтар бар ма?
- Иә
- Дұрыс - ақ

V Үйге тапсырма беру
«Жазғытұры», «Жазғытұрым» өлеңдерін жаттау
VІ Бағалау.
Сонымен, қай топ тапсырмалардың сұрақтарына толықтай жауап бергенін қолымыздағы жетон арқылы анықтаймыз. Яғни, қай топ дауысты көп жинаса, сол топ жоғары баға алады.
Бүгінгі біздің сабағымызды «Көктем» әнімен аяқтайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама