Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абайдың өмірі
9 сынып
Cабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқып білу.
Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Мәтіндерді оқу, өлеңдерін жатқа айту, әндету.
Тәрбиелік: оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау.
- Балалар, төмендегі өлең жолдары кімдікі?
1. Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
2. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
3. Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп. Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналады.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі білімді, беделді адам болған. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам еді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, тәрбиелеп отырды. Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында үш ай орыс мектебінде оқиды.
Абай Пушкин, Лермонтов, Крыловтың шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударды. Абай аударған Пушкиннің «Татьяна әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарды.
Ол қазақ халқын мәдениетке, орыс халқымен дос болуға шақырды.
Абай Құнанбайұлы 1904 жылы қайтыс болды. Шығармалары 1909 жылы Петербургте жарық көрді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» эпопеясын ақын өміріне арнады.
Абайдың әйгілі шығармалары: 45 қара сөзі, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғылым таппай мақтанба» т. б.
Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады.
Абай атында қала, аудан бар. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Деңгейлік тапсырмалар.
1. Абай балалық шағында не істеді? Әкесі (шешесі, әжесінің) аты кім болған?
2. Тірек сызба жасап қорғау (3 оқушы)
Тапсырма: сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Қарағандыда көптеген кітапханалар бар, олардың ішінде ең үлкен кітапхана –.
2. Кітапханаларда ұлы жазушылардың...., ұлы ақындардың... бар.
3. Мен кітап дүкенінен Абайдың... сатып алдым.
4. Сенің үйінде Абай Құнанбайұлының..... бар ма?
Сабақты қорытындылау.
Абайды ардақтап, адамзат үшін асыл қазына болып табылатын ақын еңбегін терең оқып, үйрену - парызымыз. Бүгін де, ертең де, тіпті, келешек ұрпақ үшін де Абай тағылымын зер сала оқып – үйренудің маңыздылығында шек жоқ. Халқымыздың адамзат тарихында алатын орны, әдет – ғұрпы, салт – санасы Абай шығармаларынан кеңінен көрініс табады.
Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлы туралы реферат жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама