Абайдың қара сөздері - аудармадағы көрінісі
Ләйлә Мұсалы, Даутова Бибігүл
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ғылыми-зерттеу институты
Абай Құнанбайұлы философ, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде тарихымызда жарқын із қалдырды. Оның өлеңдерінде, әндері мен қара сөздерінде ұлттық нақыш айқын сезіледі. Өмір салты мен тұрмысы, сенімі мен тілі көрініс табады. Ұлт рухы нәзік сезіледі. Сондықтан оның шығармашылығы уақыт өте келе ерекше құбылыс ретінде бағаланып, "Абай әлемі" деген ұғым пайда болды.
Оның мұрасын әлеммен бөлісудің жалғыз жолы аударма болып келедi. Аударма арқылы оның болмыс туралы ерекше көзқарасын, өмірге деген ойын және болашақ ұрпаққа қалдырған нұсқауын бере аламыз. Мұның барлығы Абайдың 45 қара сөздерінен көрініс тапты. Филология факультетінің "Аударма ісі (Батыс тілдері)" мамандығының докторанттары Абайдың Қара сөздеріне талдау жасап, салыстырмалы жасады. Нәтижесінде Дэвид Айткын ағылшын тіліндегі мен орыс тілдe Р.Сейсенбаев пен Қ.Серікбаеваның нұсқасылардың аудармасы Абайдын әр сөзiнiң коннотациясын жеткізе отырып, түпнұсқаға толық сәйкес келетіні анықталды.
Абай атындағы ғылыми-зерттеу институтытынын негiзiнде өткен аударма практикасының нәтижесінде докторанттар өз бiлiмдерiн арттырып, көркем аударма саласындағы аударма білімін, сондай-ақ мәдени компонент мазмұны бар мәтіндерді тереңдету және байыту; кәсіби коммуникация саласындағы аудармашы жұмысының негізгі тәсілдерін, нысандары мен әдістерін пысықтау; аудармашының кәсіби міндеттерін орындауға шығармашылық көзқарасты дамыту, сондай-ақ аудармашы этикасын сақтау негіздері; сөздіктерді, анықтамалықтарды және басқа да ақпарат көздерін кәсіби пайдалану; аударманың кешенді технологиясын пысықтау, ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; аударма қызметіне шығармашылық зерттеу тәсілін әзірлеу; аударма тақырыбы бойынша терминологиялық глоссарий жасау болып табылады.
Қорытындылай келе, Абай жер бетіндегі барлық нәрсенің, оның ішінде ғылымның негізі адамгершілік деп үйретеді. Ол махаббат, шынайылық, әділеттілік сияқты адамның мәнін құрайды. Ұлы ағартушы және ұстаз ақыл-ой тәрбиесінің жас тұлғаның эстетикалық дамуы мен адамгершілік қалыптасуымен байланысын ашады. "Рухани қасиеттер, — Абай жазaды - адам өміріндегі ең бастысы". Ақын өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілікті, адамға деген сүйіспеншілікті, достықтағы тұрақтылықты, сүйіспеншілікті, мейірімділікті, шыншылдықты, әділеттілікті, еңбекке деген сүйіспеншілікті, білімге деген құштарлықты ең жақсы адами қасиеттер деп санады. Қ.Кенжеғалиевтің пікірінше, Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" өзінің маңыздылығы жағынан Ж.Ж. Руссоның "Эмиль немесе тәрбие туралы", Я.А. Коменскийдің "Дидактика", А.С. Макаренконың "Педагогикалық поэмасы", К.Д. Ушинскийдің "Еңбектiң психикалық және тәрбиелік мәні" туындыларына тең.
Осылайша, Абай шығармашылығы терең адамгершілік мәнге толы. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын ол ағартушылық, еңбек, халықтың рухани бірлігі сияқты жалпыадамзаттық мұраттар туралы ойлады. Сондықтан оның шығармаларының тәрбиелік мәні ерекше.
Абайдың қара сөздері:
- Қара сөздер (01-қара сөз)
- Қара сөздер (02-қара сөз)
- Қара сөздер (03-қара сөз)
- Қара сөздер (04-қара сөз)
- Қара сөздер (05-қара сөз)
- Қара сөздер (06-қара сөз)
- Қара сөздер (07-қара сөз)
- Қара сөздер (08-қара сөз)
- Қара сөздер (09-қара сөз)
- Қара сөздер (10-қара сөз)
- Қара сөздер (11-қара сөз)
- Қара сөздер (12-қара сөз)
- Қара сөздер (13-қара сөз)
- Қара сөздер (14-қара сөз)
- Қара сөздер (15-қара сөз)
- Қара сөздер (16-қара сөз)
- Қара сөздер (17-қара сөз)
- Қара сөздер (18-қара сөз)
- Қара сөздер (19-қара сөз)
- Қара сөздер (20-қара сөз)
- Қара сөздер (21-қара сөз)
- Қара сөздер (22-қара сөз)
- Қара сөздер (23-қара сөз)
- Қара сөздер (24-қара сөз)
- Қара сөздер (25-қара сөз)
- Қара сөздер (26-қара сөз)
- Қара сөздер (27-қара сөз)
- Қара сөздер (28-қара сөз)
- Қара сөздер (29-қара сөз)
- Қара сөздер (30-қара сөз)
- Қара сөздер (31-қара сөз)
- Қара сөздер (32-қара сөз)
- Қара сөздер (33-қара сөз)
- Қара сөздер (34-қара сөз)
- Қара сөздер (35-қара сөз)
- Қара сөздер (36-қара сөз)
- Қара сөздер (37-қара сөз)
- Қара сөздер (38-қара сөз)
- Қара сөздер (39-қара сөз)
- Қара сөздер (40-қара сөз)
- Қара сөздер (41-қара сөз)
- Қара сөздер (42-қара сөз)
- Қара сөздер (43-қара сөз)
- Қара сөздер (44-қара сөз)
- Қара сөздер (45-қара сөз)
Абайдың өлеңдері:
Өлеңдері