Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Мұғалімі: Сейдикеримова А. Қ.
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандары мен батырлары туралы мағлұмат беру.
2. Абылайхан мен Қабанбай батыр туралы түсіндіру.
3. Өлеңдегі, мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білеуге үйрету.
Білімділік: оқушының жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылай мен батыр Қабанбаймен таныстыру, ерліктерін насихаттау.
Дамытушылық: оқушының өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыны отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның, Қабанбай батырдың, қару - жарақ суреттері, интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл - күй,
Ақ пейілді жүрекпен,
Таза адал ниетпен.
Амандасып алайық,
Еңбек етіп ерінбей
Жақсы баға алайық.
Оқушының назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал – жабдықтарын даярлау. Шаттық шеңберінде бір - біріне тілек айтады.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Жұмбақ айтысты мұғаліммен өрбіту.
Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Жұмбақ айтыс дегеніміз не?
2. Айтысқа түсетін ақын қандай болуы керек?
3. Айтыс неше адамның қатысуымен болады?

3. Сергіту сәті. « Мен қазақпын» әуеніне би қимылын жасату.
4. Жаңа сабақ.
Ой шақыру: 1. Үш бидің басын біріктірген кім?
- Абылайхан. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр (1711 - 1781). Жоңғарлар Түркістан қаласын басып алғанда, ол Ораз атты құлымен қашып барып, Төле бидің түйесін, жылқысын баққан. “ Сабалақ ”атанып жүрген, 15 - жасынан жоңғарларға қарсы соғысып, олардың Шарыш деген батырын жеңген. 1771жылы үш жүздің ханы сайланды. Қырғыздар қазақтарды шауып, тыныштық бермегенде, бай манаптардың балаларын алып, Көкшетауға қоныстандырды. Содан кейін қырғыз – қазақтардың арасында бейбітшілік орнады. Абылайдың 30 ұлы, 40 қызы болған. Орыс казактары да “ Абылайлап ” ұрандағанын А. Бөкейханов өзінің “ Қырғыздар ” атты кітабына жазған. Сібір Казак – орыстары да балаларын орыс - жапон ( 1904 - 1905) соғысына шығарып салғанда “ Абылай! Абылай! ’’ деп ұрандаған. Арғы атасы Шыңғыс ханнан тараған. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан - Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген.
2. Биыл біз қазақ хандағының неше жылдығын тойлап жатырмыз?
- Қазақ хандығына 550 жылдық тойын тойлаудамыз.

Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама