Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Еңселі елдің - ертеңі
Ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Еңселі елдің - ертеңі
Мақсаты: Ел болашағына болжаммен қарап, келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отанды, ата - ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, жауапкершілікті сезініп, білім, ғылым жолында еңбектене білуге, салауатты өмір салтын сақтай отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, ана тілімізді құрметтеп, ұжымда ұйымшылдық танытып, сыйластықты бойларына сіңірген, білімді, білікті ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өлең шумақтары, мақал - мәтелдер айту, пікірталас, ән, би.
Көрнекіліктер: тақырып, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі; Құрметті оқушылар! Осынау ұлан - байтақ жерімізді ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, «Аруақ!» - деп атқа қонып, маңдай терімен, қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша, елімізге, жерімізге көз жүгіртіп, қол сұққан жауларымызбен арпалысып, міне біздердің егемен ел атануымызға үлкен үмітпен қарап, тұғырлы ел болуымызды армандап, тәуелсіздігімізді алып беріп, тыныш, бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндіктер бере отырып, осы жерімізді, Отанымызды біздерге аманат етіп қалдырып кеткенін ұмытпайық. Ертеңімізді тарихымызбен ұштастырып, өзімізге берілген аманатты келешек ұрпаққа «Аманат»- деп тапсырайық.
Ендеше тәрбие сағатын бастауларыңызға рұқсат!

(хормен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, ата - аналар, ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Еңселі елдің - ертеңі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Мен 2030 - жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»- деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген. Алайда бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан, Отанымыз бір - ел болуымыз керек.
Отан! «Отан - отбасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Отбасы мүшелерін табиғаттың көркем бейнесіне теңеген. Әке - асқар тау, Ана - қайнар бұлақ болса, Баланы жағасындағы құраққа теңеген. Ірге тасы берік қаланып, түтіні түзу шыққан отбасының тәрбиесі де берік, әрі түзу болатынын жасырмайық. «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»- деп ұлдарын ұсталыққа, қыздарын шеберлікке баулыған. Соның ішінде «қызға қырық үйден тыйым»- деп қыз тәрбиесіне де қатаң мән берген. Сонымен бірге «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі»- деп қызды табиғаттың сұлу бейнесіне теңеп, ал табиғатты қызды қалай аяласа, табиғатты да солай аялау керектігін ескерген. Ал, ақын - жазушыларымыз табиғатты да, Отанды да, Ата - ананыда, қылықты қыздарымызды да өз жырларына қосқан.
Ендеше жүректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға кезек берейік.

(Оқушылар кезекпен - кезек өз шығармашылығынан Отан, Туған жер, Әке, Ана, Отбасы туралы өлең шумақтарын оқиды, содан кейін алдын ала жаттауға берілген ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды)
1 - Оқушы: «Туған өлкем»
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махабатты шертеді
Туған жерге, Отаныма шуақты.
Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,
Адалдықтың тәрізді ол тұрағы,
Асқар тауым, жазық далам, арманым,
Туған өлкем - жерұйығым, жұмағым.
Бала кезден артықсың сен мекенім
Сені ғана ардақтаумен өтемін.
Жылдан - жылға арта берсін берекең,
Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама