Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Сабақ тақырыбы: Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Зерттеу сұрағы: Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рольі қандай?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 3. 2. 3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау.

Сабақтың басы
(Т) Ұйымдастыру сәті. Коллобаративті орта қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір - бірінің есімдеріне бас әрпінен басталатын жақсы мінезін қосып айтады.
Сыныпты топқа бөлу
«Ханталапай» ойынымен асығың алшасынан түссін деп түрлі түсті асықтар арқылы 3 топқа бөлемін.
1. Хандар тобы
2. Билер тобы
3. Батырлар тобы

Сабақтың ортасы
«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамын
1. 15 жасында жоңғарларға қарсы жекпе - жекке шыққан хан
2. Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына қалай түсті
«Ұлы хан» деп атау себебі?
3. Қазақ хандары Неліктен Ресей мемлекетіне арқа сүйеді?

«ДЖИГСО» әдісі арқылы әр топқа мәтін беріледі, топта әр қайсысы жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талқылап, әр топтан бір оқушы басқа топтарға барып өз жұмыстарын түсіндіреді. өзі сол топтың тапсырмасын түсінеді.
Бастапқы топтарына қайта келіп, әңгіме бөліктерін құрастырады. Толық әңгіме мазмұнымен танысып, әр топ өз топ мүшелерімен ақылдаса отырып өз тапсырмаларын орындайды.
1 - тапсырма: Тұжырымдамалық кесте
1 - топ: Абылай ханның жүргізген ішкі сыртқы саяси өміріндегі үш өзгерісті анықтайды.

Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы,
«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ
тарих пәні мұғалімі: Хавдал Нуржанар
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: тарих
Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама