Мен ғарышкер боламын
Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл - күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ - жауап, қорытынды.
Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, ғарышкерлер суреттері
Сөздік қоры: ғарыш, ғарышкер, ғалам
Билингвальды компонент: ғарыш – космос - space, ғарышкер – космонавт - cosmonaut, ғалам – мир - peace
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: балаларға ғарышкерлер туралы ән мен тақпақтар жаттату.
Жүру барысы:
Жылулық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос.
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
- Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
- Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
- Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?
Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.
- Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).
Жұлдыз: - менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
- Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.
Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.
1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
- Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.
1. Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанға қараймын,
Мен ғарышкер боламын. (Алихан)
2. Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады. (Ғ. Мөлдір)
3. Күлімдейді күміс күн,
Құштарында көз тігіп.
Кемесіне ғарыштың,
Байқоңырда кезігіп. (Алтынбек)
4. Байқоңырдан ұшқанға,
Барлық әлем қарады.
Дос құшақтар аспанға,
Көтеріліп барады. (Т. Мөлдір)
5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
«Тоқтар Әубәкіровке»:
Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы
Мүмкін олар ертең - ақ,
Ізбасарың болады. (Жансая)
- Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
- Балалар, кәне бойымызды жазып ән шырқап алайық.
Қосмағанбетова Айгерім Мырзағалиқызы
Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі
Мен ғарышкер боламын жүктеу