Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Адам еңбегімен көрікті
Тақырыбы: Адам еңбегімен көрікті
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», интерактивті тақта.
Формасы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» топтық сайыс

Жүру барысы:
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», — дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағаты «Адам еңбегімен көрікті» деп аталып, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» топтық сайысы ретінде жүреді.
Бүгінгі сайысымызды Насырадинов Бақыттбергеннің әні «Қазақстан» әнімен бастаймыз.

І айналым. Әр топ оқушылары мақал – мәтел айтып жарысады. Қай топ оқушылары, тоқтап қалса, келесі топ ұпай алады.

ІІ айналым
Мен мақалдың бір бөлігін оқимын, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
3. Еңбек – адамның екінші анасы
4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5. Еңбек түбі – береке
6. Ердің атын еңбек шығарар.
7. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
8. Ерінбеген етікші болады.
9. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
10. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

ІІІ айналым
Жұмбақ шешу сайысы
Сендерге мына «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі беріледі. Осы өлеңді тыңдай отырып бауырсақтың қайдан, қалай келгенін анықтаңдар.
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан,-
деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген

Егістік жер – диірменші – наубайхана - дүкен
Келесі кезекті мына грузин ертегі желісімен қойылған көріністі тамашалаңдар «Еңбекпен тапқан тиын»
Ал, балалар ендігі кезекті көрініске берейік.
Енді әр топ өз ойларын ортаға салсын.
Шығармашылық жұмыс.
«Еңбек» деген сөзге бір шумақ өлең немесе эссе жазыңдар.
Жеңімпаз топты анықтап марапаттаймыз.
Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Адам еңбегімен көрікті» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама