Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Адам, табиғат және денсаулық
Ересек «Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: Адам, табиғат және денсаулық.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Кіші сала: Экология
Мақсаты: Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету. Өлі және тірі табиғаттың экологиялық тірі организмдер үшін маңызы туралы түсінік беру. Адам еңбегіне және табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушы
- Кәзір жылдың қай мезгілі?
- Қысқы өзгерістер?
- Қыс туралы өлең, жаңылтпаш?
- Апта күндерін атау
Жұмбақ жасыру:
Тауда өсер, таста өсер,
Көктем менен жаз өсер
Қыста өшер(шөп)

Ұйымдастырушылық ізденіс - Балалар табиғат дегеніміз не?
- Табиғатқа не жатады?
- Өлі және тірі табиғат болады.
- Өлі табиғат - су, тау, тас, құм, топырақ. Өйткені олар қоректенбейді, өспейді, көбеймейді,
және өлмейді.
Тірі табиғат - ағаштар, жануарлар, гүлдер, жәндіктер, жалпы
бәрі өсетін, көбейетін т. б.
- Табиғат пен адам өз ара байланысты
Су адамға қажет, өсімдіктер адамды емдейді, ағаштар таза ауа береді және ағаштан қағаз, жиһаз жасайды.
Адамдар үйлер, завод, фабрикалар салады
Ауаны және суды ластамау қажет, адамдар экология таза болса ауырмайды.
Сергіту сәт: Бір, екі, үш
Бізде қайрат күш,
Табиғатта қыдырып,
Жадырап жинаймыз күш
- Біз ағаш отырғызғанда ауамыз таза болады және денсаулыққа пайдалы.
Тиымды сөздер жаттау:
- Аққуды атпа,
- құстың ұясын бұзба,
- Орманда от жақпа.
- Табиғатты аялау керек, орманда, көлге барған кезінде тәртіп сақтау керек.
- Балалар үлкен адамдардың енбегін сыйлау керек мысалы, көшеде келе жатқанда қоқыс тастамаймыз. ағаштарды сындырмаймыз,
Табиғатты қорғау керек. Ол әр адамның міндеті.
Адам, табиғат және денсаулық жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама