- 05 нау. 2024 04:07
- 293
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер. Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты.
Сабақтың тақырыбы: Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер. Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: адам генетикасы мен тұқымқуалаушылықтың зерттеу әдістері жайлы білім беру.
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылықтары мен ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелілік: денсаулықты сақтауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, таратпа материалдар, слайд материалдары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңдылығына сүйеніп, берілген есепті шығарыңдар.
Дені сау ерлі-зайыптылардың отбасында дальтонизмнің белгісі бар бір ер бала және дені сау қыз бала дүниеге келген. Осы аталған адамдардың барлығының генотиптерін анықтаңдар.
2. Гемофилиямен ауыратын ер адам, әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген, осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?
Адам генетикасының ерекшеліктері.
Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: әдістер.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері.
↓
генеологиялық,
цитогенетикалық,
биохимиялық
онтогенетикалық,
егіздік,
популяциялық
Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады.
Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар - жоғы анықталады. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды соған жауапты рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы организмнен ғана емес, аз да болса гетерозиготалылардан да байқауға болады.
Популяциялық әдіс. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттеледі. Адамның әр түрлі популяцияларында тұқым қуалайтын генотиптік өзгерістердің таралуы түрлі мөлшерде болады.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Адам генетикасының қандай ерекшеліктері бар?
2. Берілген кестені толтырыңдар.
3. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттеу әдістері
Үйге тапсырма: § 32 оқу - әңгімелеу, қосымша материалдар қарастыру.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер. Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты. жүктеу