- 05 нау. 2024 04:08
- 179
Адасқан құмырсқа ертегісі
Адасқан құмырсқа
Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.
Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:
- Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.
Сонда ара досы:
- Көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,- деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.
Құмырсқа енді қоңызға барады.
- Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,- деп жауап берген қоңыз да қиын домалатып жөніне кетіпті.
Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырларын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: «Саған не болды? Неге көңілсізсің?»- деп сұрайды.
Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті. Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген осы екен.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы