Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
«Әдебиет әлеміне саяхат» пәні бойынша 2 – сыныпқа арналған бағдарлама
«Әдебиет әлеміне саяхат» пәні бойынша 2 – сыныпқа арналған бағдарлама

Түсінік хат
Бұл құрал – жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып бойынша таңдамалы курсқа арналған. Көркем әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемеңгері атанған Абай және тағы жазушы, ақындардың шығармаларын өз бетінше оқуына, ізденуіне жол ашатын білім, білік, дағды, іскерлігін қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар орындату арқылы насихаттау және тілдерін жаттықтыру. Ой - өрістерін кеңейте отырып, ақын шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады.

Курстың өзектілігі:
Оқушылардың шығармашылықпен ізденіс жұмыстарына баули отыра, Ақын, жазушылардың мұраларын тани білуге шақыру;

Бағдарламаның оқу мазмұны:
Абайдың табиғат, өнер – білім лирикасына арналған шығармалары, қара сөздері, аудармалары;

Мақсаты:
Оқушыларды Абай әлеміне әкелу, ақын, жазушылардың шығармаларымен сусындату, Ақын, жазушылардың қазынасын дәріптей отырып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері:
• Лирикалық шығармаларды образға сала білуі;
• Оқығаннан алған әсерлерін шығармашылықпен ауызша жазбаша көрсете білу;
• Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу;
Оқушылардың даярлығына қойылатын талаптар:
• Шығарманы талдай алуы;
• Өлеңдер шығара білуі;
• Өлеңді нақышына келтіре оқи білуі;
• Әдебиет жанрына байланысты сәйкес дауыс ырғағын сақтай оқуға талдауға;
• Әдеби тілдің бейнелегіш көркемдік ерекшелігін қолдана білу

Нәтиже:
Әр жазушының шығармалары арқылы сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең рухани дүниетанымын бай адамгершілігі жоғары шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:
Әліппе, ана тілі, дүниетану

Сабақты өткізу формасы:
- Пікірталас, ой қозғау, сұхбаттасу
Тақырып жоспарының мазмұны:
Жалпы бағдарлама 34 сағат бөлінген. Аптасына 1 сағат

Бағдарламаны дайындаған: Ерғазиева Әсия
№62 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сараптама жасаған: №62 орта мектебінің сараптама кеңесі және аудандық білім бөлімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама