- 05 мам. 2017 00:00
- 281
Әдепті болу - парызым
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
1«А» класс оқушысы
Киуанов Мадияр Берікұлы
Жетекшісі Табылдина Баглан
Біз тәрбиені әкеміз бен анамыздан аламыз. Олар бізге үлкен адамдарды сыйлауды үйретеді. Маған анам үнемі әдепті болуға, ешкіммен ұрыспауға үйретеді. Мен анамның үйреткенін есіме алып жүремін. Ол әдепті болу үшін үлкен адаммен амандасу керек және бір–бірімізге кешіріммен қарау керек деп айтады. Мен әдепті болуды мектепте де үйрендім. Маған апайым үнемі ақыл айтады. Егер де үлкен адамға құрмет көрсетсең, сенің әдепті бала екеніңді көрсетеді деп айтады.
Мен оны тыңдаймын. Мектепке келгенде мен ең бірінші апайыммен амандасып аламын. Үлкендермен амандасқанда олар маған батасын береді. Егер әдепті болмасам, мен жаман бала болғаным.
Сондықтан анам мен апайымның үйреткенін есіме алып жүремін.
Әдепті болу - әр оқушының парызы.