Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әдепті жауап

Бір қоңылтақ шаруа кісінің әйелі аса салақ, әрі олақ екен. Сондықтан олар бала-шағаларымен әрдайым жалба-жұлба болып, кір киім киіп, қалай болса солай жүре береді. Бірақ бұған ауыл адамдарының көзі үйреніп кеткендіктен ескермейді екен.

Тек бірде көрші ауылдан келген көлденең кісі көріп:

— Апырай, ақсақал, жеңіңіз жалбырап тұр екен. Түймелеріңнің біреуі ғана қалыпты, әйеліңіз жоқ па еді? — дейді.

Сонда ана кісі жымиып:

— Әй, шырақ-ай! Әйел бар болғыр менде жоқ, тек балаларымның шешесі ғана бар, — деп жауап беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама