Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бәленің басы күшіктен...

Екі жігіт дос болыпты. Бір күні екеуі сырласып отырып бір-бірінен неден қорқатындықтарын сұрасыпты.

— Сен дүниеде неден қорқасың? — депті біріншісі.

— Мен кедейліктен, аурудан, ажалдан қорқамын. Ал өзің неден қорқасың? — депті екіншісі.

— Мен иттің күшігінен қорқамын.

— Қорықпас келін қой басынан қорқады деп, иттің өзі тұрғанда кісі күшіктен де қорқа ма екен? — дейді екінші жігіт.

— Ойбай-ау, бәленің басы сол күшіктен шығады ғой. Үйге жақындғаныңда күшік шәуілдеп үреді, сөйтіп басқа иттерді дүрліктіреді, — депті бірінші жігіт.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама