Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Ағам және мен» спорттық сайысы
«Ағам және мен» спорттық сайысы
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу; денешынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Балабақшамен ата - аналардың тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата - аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.

Құрметті қонақтар, ата - аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің «Ағам және мен» отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Сәттілік тілей отырып, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бұл жарысты көріңіздер.
Бізде бәрі жүйріктер.
Күш сынасар алыптар.
Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
1 топ «Құлыншақ» тобынан қызыл түсті – Аршат, Дәурен
2 топ «Бірлік» тобынан ақ түсті – Каусар, Данияр
3 топ «Сұнқар» тобынан жасыл түсті – Ерасыл, Олжас
4 топ «» тобынан сары түсті - Кирилл, Саша
Ал енді ойынымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып отейік.
1. Сейдахметова Г. Е.- балабақша меңгерушісі
2. Нұрымбекова Р. А.- балабақша әдіскері.
3. Орынова Р. К.- балабақша медбикесі
4. Жамашева Р.- ата - ана
Жүргізуші:
Қәне, бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!»- деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
1 топ «Құлыншақ» тобынан қызыл түсті
Биіктен алысқа
Секіретін жарысқа.
Құлыншақ келіп қатысты,
Өтілетін жарысқа – Аршат

2 топ «Бірлік» тобынан ақ түсті –
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па.
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа. - Каусар

3 топ «Сұнқар» тобынан жасыл түсті
Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен,
Келіп тұрған мықтымыз.
4 топ «» тобынан сары түсті - Кирилл, Саша
Флешмоб би барлық балалар қатысады.
Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Спорт сенің серігің,
Жаңға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды,
Қимыл менен қозғалыс.— Сезім

О, спорт, дорогой!
По жизни с тобой
Дружить нам всегда
На долгие года.— Камила Р.

Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық 5, сабақ - 5
Деп рапорт береміз!— Нурмағамбет

Наполняет нас радость движения.
Сердце бьется в груди веселей!
И спортивной победы мгновенья
Дополняют улыбки друзей.— Кирилл

Басты байлық – денсаулық!
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.— Ерасыл.
И учиться нам спорт помогает
Ведь здоровье - основа всего
Кто со спортом по жизни шагает
Тот и может пойти далеко.— Вероника

Денсаулық ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.— Милана.

Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шындалған.-- Каусар
Негізгі бөлім
1. Жүптасу
Ағалары белгіленген жалаушадан айналады қайтып келіп інілерін арқаға отырғызып қайта оралады.
2. Ракеткамен допты алып жүру
Белгі берісімен ракеткамен шарикті түсірмей белгіні (жалауша) айналып келеді.
3. Қырқаяқ ойыны
Топ ойыншылар тағандапеңбектеп белгіленген жалаушадан айналады, қай топ мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.
4. Қол күрес (Агалары).
Ортаға шығып үстелге отырып екі - екіден қол күрестіреді кезектесіп.
5. Иық күресі (баласы)
Ортада шеңбер ішінде бір аяқтарын көтеріп ыйықтарымен бір - бірін шеңбердін ішінен шығарады, бірінші шығып кеткен жеңілген болып есептеледі, ойын кезекпен жалғаса береді.

Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің
«Балдаурен» балалар бақшасы» КМҚК
Өткізген: Аргинбекова Г. Т.
Дене шынықтыру нұсқаушысы

«Ағам және мен» спорттық сайысы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама