Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Айдана Меденованың жаңа образы желіні екіге бөлді: Бірі сүйсінсе, енді бірі сынға алды

Танымал әнші Айдана Меденованың соңғы кездегі өзгерістері көпшіліктің назарын аударып, пікірталас тудыруда. Әншінің орамалын шешіп, жаңа образымен жариялаған фотосессиясы желі қолданушыларының арасында екі түрлі реакцияға ие болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдана Меденова гүлдер арасында түскен жаңа суреттерін жариялады. Бір топ желі оқырмандары әншінің нәзік келбеті мен табиғи сұлулығына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірсе, екінші бөлігі оның киім үлгісі мен имиджіндегі өзгерістерді сынға алды.

Желідегі пікірлер екіге жарылды

Әншінің жаңа стилін қолдағандар оны «Корея фильміндегі кейіпкерге ұқсайды», «Мұндай сұлулықты жасыруға болмайды», «Періштедей көрінеді» деп мақтаса, ал кейбір оқырмандар әншінің ашықтау көйлегі мен жаңа образын құптамады.

Желіде «Орамалды шешті, енді біртіндеп бәрін шешуге көшті. Жақында мүлде бәрін шешіп тастайтын шығар», «Мұндай көйлекпен түскенше, біржола шешініп түсе салмай ма?» деген сияқты сын пікірлер де айтылды. Кейбір пікір білдірушілер әншінің бұрынғы киім үлгісін құмдап, оның арабтың киімін шешкені дұрыс болғандығын айтты.

Айдана Меденованың соңғы уақыттағы стильдік өзгерістері жиі талқыланып, қоғамда қызу пікірталас тудырып жүр.

Жаңалықтар

Жарнама