Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 сәу. 2026 18:00
- 29
"Әйелім мен ұлым мені қабылдамады": Сәкен Қалымов отбасы туралы тың деректерді жайып салды
Белгілі әнші Сәкен Қалымов өзінің жеке өмірі мен отбасылық қарым-қатынастары туралы бұрын естілмеген мәліметтерді бөлісті. Өнер иесі жастық шақтағы қателіктері мен отбасының қадірін кеш түсінгенін мойындап, бүгінгі өміріне шүкіршілік ететінін жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өкінішті өмір жолдары
«1001» бағдарламасына берген сұхбатында Сәкен Қалымов өзінің жастық шақтағы өмір салты туралы ашық айтты. Ол кездегі ортасы мен серілікке ұласқан өмірдің отбасы құндылықтарын бағалауға мүмкіндік бермегенін мойындады. Әншінің айтуынша, ең өкініштісі – жары мен баласының қадірін білмей, ажырасуы.
«Қазіргі таңда мен намаз оқып, дін жолында жүрмін. Бұрынғы қателіктерімді Алланың сынағы деп білемін. Өзімді кінәлімін деп есептеймін, ешкімге сылтау айтпаймын. Ортамыз солай болды, азаннан кешке дейін қолымызда стакан болды. Сол кезде отбасыма көңіл бөле алмадым», – деді әнші.
Ұлымен қарым-қатынас үзілген
Сәкен Қалымов қазіргі уақытта ұлымен арада байланыс жоқ екенін де жасырмады. Дегенмен, ол ұлының ренішін түсінетінін және келешекте кешірім сұрап, жақындасуға үміттенетінін білдірді.
«Әзірге ұлыммен мүлдем байланыс жоқ. Олардың өкпесін түсінемін, ренжімеймін. Бір күні кездесіп, кешірім сұрап, көңілдерін аулап қалармын деген сенімдемін. Бірінші әйелімнен ұлым, екінші әйелімнен қызым бар. Қызыммен араласып тұрамыз», – деп қосты әнші.
Бұған дейін әншінің өткен өміріндегі қателіктері мен бұрынғы жұбайы мен баласының алдындағы өкінішін жасырмағаны туралы да жазылған болатын.