Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Әжеме қонаққа келдім (киіз үйге)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№7 «Балдырған» санаториялық – бөбекжай балабақшасы
Садықова Жадыра

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Әжеме қонаққа келдім. (Киіз үйге)
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. Балалардың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту. Салт - дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, ел жандылыққа, бір – бірін сыйлауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу. Ұлттар достығы 1 мамыр мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты қолдау және құрметтеуді дамыту.
Көрнекілігі: киіз үй жасаулары, киіз үй макеті.
Әдіс – тәсілдері: Саяхаттау, сұрақ – жауап, түсіндіру, ән – би,
Алдын – ала жұмыс: Әже туралы, достық туралы ән жаттау.
Салалық байланыс: Музыка, Көркем әдебиет.
Қостілділік: Киіз үй – юрта.
Сөздік жұмыс: Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық есік.
Мотивациялық қозғаушы
Орыс және өзбек ұлт өкілдері ортаға шығады.
Балалар, біз қазір қазақ халқының әжесі мен атасының киіз үйіне қонаққа барамыз. (балаларды жартылай құрылған киіз үйге апару)
Екі бала асықпен ойнап отырады. Келе жатқан қонақтарды көріп:
- Әже, ата бізге қонақтар келе жатыр.
Әжесі мен атасы қонақтарды күтіп алады.
Сәлеметсіздер ме қонақтар, қане жоғары шығып жайғасыңыздар.
Сіздер біздің елімізге қош келіңіздер, жақсы жеткен боларсыңдар. Біздің еліміз көп ұлтты ел, біз барлық ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы аламыз. Ұлттар ынтымақтастығы, достығы мерекесі де кеп қалды. Келгендеріңе көп – көп рахмет. Өздеріңді таныстырып өтсеңіздер.
(қонақтар өздері туралы айтады)
Ал қане сендер бос келмеген боларсыңдар, біз сіздерден қонақ кәде сұраймыз.
Екі орыс өкілінен келген бала тақпақ айтады.
Раиан: Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әруақытта
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауыл
Анель: Дети в садике живут
Здесь играют и поют
Здесь друзей себе находят
На прогулку с ними ходят
Хор: «Әжем менің тамаша»
Ұйымдастырушы ізденуші.
Жарайсыңдар балалар, сендер әжелеріңнің қанадай екенін біледі екенсіңдер. Әжелерің қолынан бәріде келеді. Мына отырған киіз үйлеріңнің бар жасауын мен өзім жасап жатырмын. Қазір көктем мезгілінің соңғы айы, енді жаз мезгілі де келіп қалды. Сондықтан киіз үйді тігетін кез келді.
Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.
Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған. Қане айтып көріңдерші – киіз үй.
Ал орыс қызым сендерде киіз үйді қалай атайды?
Біздің орыс тілінде - Юрта деп атайды.
Қане балалар юрта деп айтып көрейікші
Жарайсыңдар балалар, киіз үй негізі төрт бөліктен тұрады.
Кереге, уық, шаңырақ және есігі сықырлауық деген бөліктерден тұрады екен.
Қазақта керегең кең болсын, шаңырағың биік болсын, уықтай көп болыңдар, есігің достарыңа әрқашан ашық болсын деген осы. Қане қайталап айтып көрейік:
Кереге, Уық, Шаңырақ, есігі сықырлауық
Балалар, біздің қазақ елінің өз рәміздері бар екенін сендер білесіңдер, қане маған рәміздерді айтып беріңдерші.
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
Дұрыс айтасыңдар, ал енді сендер білсеңдер ма, шаңырақ бейнесі біздің қандай рәмізімізде бейнеленген?
- Елтаңбада
Дұрыс айтасыңдар, біздің елтаңбамызда осы шаңырақ бейнесі бейнеленген. Біздің еліміз
дің шаңырағының биік екенін көрсетіп тұр.
Балалар, киіз үйді әсемдеп, әдемілеу үшін әртүрлі қазақтың қол өнер бұйымдарымен, бау – басқұрларымен безендіреміз. Бұл бұйымдар киіз үйге сән беріп тұрады. Бұл бұйымдарды мен өзім жасап, киіз үйді
безендіремін.(киіз үй жабдықтарын көрсету)
Балалар қолдарына ұстап көреді.
Ал балаларым мен сендерге киіз үй туралы айтып бердім, сендер менің көңілімді бір көтеріп берсеңдер қалай болады.
Әрине әже сіз бізге көп мағлұмат бердіңіз, қазір біз сіздерге би билеп берейік
Орысша, өзбекше, қазақша папури би билейді.
Рефлексивті коррекциялаушы
Ал енді маған айтыңдаршы, бүгін сендер қайда келдіңдер?
Атамыз бен әжеміздің үйіне.
Әжелерің сендерге не туралы айтты?
Киіз үй туралы
Киіз үйдің қандай бөліктері бар екен?
Керегесі, уығы, шаңырағы, сықырлауық есігі
Қане керегесін кім көрсетеді? (шаңырағын, уығын, есігі сықырлауықты көрсету)
Жарайсыңдар балаларым, әжелеріңнің айтқанын ұғып алған екенсіңдер.
Ал енді балалар, қане бәріміз ортаға шығайық, біз бүгін киіз үймен таныстық. Қазір біз осы киіз үйді өзіміз жасаймыз. Аталарың шаңырақты көтереді, ал біз уықтарды тігіп, кереге боламыз. Ол үшін әр қайсымыз бір – бір уықты алып жақсы бір тілек сөздер айтамыз. Сол кезде біздің әдемі киіз үйімізді жасаймыз.
Еліміз тыныш болсын.
Аспанымыз ашық болсын.
Шаңырағымыз биік болсын.
Керегеміз кең болсын.
Мейірімді әжелер көп болсын.
Атамыз ауырмасын.
Папа – мамамыз аман болсын, ынтымағымыз арта берсін, жүзіміз жарқын болсын т. б тілектер айтады.
(балалар шаңыраққа байланған ленталарды алып, тілек сөздер айтып шығады)
Тілектерің орындала берсін. Біз көп ұлтты елміз, барлық елдермен татумыз. Алда келе жатқан достық, бірлік күні мерекесі орай, бізге орыс, өзбек, татар өкілдері қонаққа келді. Біздің үйімізге келген қонақтарға үлкен рахмет айтамыз.
Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін.
Қане бәріміз бірігіп «Дос болайық бәріміз әнін» айтайық.
Хор: «Дос болайық бәріміз» әні.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы жалпы мәлімет біледі.
Меңгеруі: Ұлттар достығы мерекесін, мерекелік көңіл күймен қарсы алауды.
Игеруі: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол өнерлерін дәріптеуді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама