- 23 жел. 2022 00:00
- 189
Академиялық адалдық лигасына кіретін 16 ЖОО жұмысына қанағаттану деңгейі анықталды
Академиялық адалдық лигасына кіретін 16 қазақстандық ЖОО студенттері арасында жүргізілген сауалнама осы білім мекемелерінің қызметіне қанағаттану деңгейі 79,9% екенін көрсетті. Бұл туралы Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналыс-форумында мәлім болды.
«Академиялық адалдық лигасы» ЖОО-лар қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сауалнамаға 23 457 білім алушы – лига мүшелері қатысқан.
Сауалнама 10 негізгі санат бойынша жүргізілді: академиялық адалдық; пәндерді оқыту және бағалау; бағалау және кері байланыс; тіркеу кезінде пәндерді таңдау; жеке даму; академиялық қолдау; ақпараттық ресурстар мен қызметтер, қатысу, материалдық-техникалық база және кампус, қашықтықтан оқыту.
Пайдаланылған есептеу әдістемесіне сәйкес, лигаға мүше жоғары оқу орындары бойынша қанағаттанудың орташа деңгейі – 79,9%.
«Академиялық адалдық лигасы жалпы жоғары білім берудің дамуына әсер ететін академиялық, адалдық пен әділеттілік аралы ретінде қабылданады. Академиялық адалдық лигасының рөлі – біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертетін оқу процесі арқылы еліміздің құрметті, лайықты азаматын дайындау», - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Форум аясында жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, академиялық адалдық мәдениетін дамыту тетіктері және алқалылық арқылы сапаны қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелеріне арналған пікірталас өтті.