- 08 қаң. 2020 00:00
- 225
Әкенің көңілі балада
Далада оқу оқитын баласының аман-саулығын біле келген қария:
— Балам, көрдің бе, жұрт, әне аялдамада да қағаз жазып отыр. Сен ақша керек болып қалғанда болмаса, «қол тимейді» деп амандығыңды да білдірмейсің. Бәрінен де бұрын салған ақшаны алған-алмағаныңды біле алмай дал боламыз.
— Әке, сол алған ақшаң өзіңе қайтып бармады-ақ, мені аман екен деп санай бер, — деді баласы.
Әке басын шайқап:
— «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осы екен, — деді.