- 08 қаң. 2020 00:00
- 189
Ұры
Есіл бойындағы екі көрші колхоздың председателі облыстағы мәжілістен қайтып келе жатып, жолда жайылып жүрген бір үйір жылқы көреді. Сонда әлгі жолаушының бірі:
— Мына колхоздың жылқышысы қайда? Үйірді неге еркін жіберген? Ұры-қары іліп кетпей ме? — дейді.
Сонда қасындағы жолдасы сөзге бөгелместен:
— Осы күнде бұрынғы жылқы ұрлаушының бәрі колхоздың бастығы боп алды емес пе? Жылқыға кім тисін? — дейді. Сөйтсе, қасындағы жолдасы ертеректе елдегі байлардың жылқысына қырғидай тиген кісі екен.