- 31 нау. 2020 00:00
- 178
Әкесі мен қызы
Бір адам қызын ұзатып тұрып:
— Қызым, күніне бір жіптен бойыңа іле бер, — депті.
Қызы күнде таңертең бір сабақ жіпті етегіне іле беріпті. Бір жылдан соң әкесі келсе, қызының етегі толған жіп көрінеді.
Әкесі қызын шақырып алып сұрайды:
— Мынауың не? — деп. Сонда қызы:
— Әке, өзің емес пе, «күнде бір сабақ жіпті бойыңа сіңіре бер» деген, — депті.
Әкесі қызын «адам болмайсың» деп үйіне алып кетіпті.