Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қашықтан оқытуда мұғалімдердің жалақысы кемімейді — министр

Қашықтан оқыту форматы мұғалімдер мен оқытушылардың еңбекақысына әсер етпеуі тиіс. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жағдайды осылай түсіндірді.

«Қашықтан оқыту форматы жалақыға еш әсер етпеуі керек, жалақы да азаймауы керек. Өйткені әріптестеріміз сол баяғы жұмыс көлемін атқарады. Дайындық жұмыстары әдеттегіден де көп болатын кездері болады. Сондықтан, мұғалімдердің жалақысын өзгертпеу туралы тапсырма бердік. Бұл тапсырма арнайы бұйрықта нақты бекітілген», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сауалына.

Еске сала кетсек, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынын мәлімдеген еді.

1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді.

Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама