- 26 жел. 2024 09:04
- 32
Актау маңында құлаған ұшақты жасаған компания мәлімдеме жасады
Embraer әуе кемелерін жасаушы бразилиялық компания 25 желтоқсанда Актау маңында орын алған Embraer 190 ұшағының апатына қатысты өз мәлімдемесін жариялады. Бұл туралы infohub ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компания мәлімдемесінде орын алған қайғылы жағдайға терең өкініш білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
"Біздің ойымыз бен шын жүректен шыққан көңіл айтамыз отбасыларға, достарға, әріптестер мен зардап шеккендердің барлығына. Біз бұл оқиғаны мұқият қадағалап, құзырлы органдарға толық қолдау көрсетеміз," – делінген ресми мәлімдемеде.
Апат қалай орын алды?
Ұшақ Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі болып, Баку қаласынан Грозныйға бағытталған. Алайда, Грозный әуежайында қалың тұманға байланысты қону мүмкін болмаған соң, рейс алдымен Махачқалаға, кейін Актау қаласына ауыстырылған. Сағат 11:30 шамасында, Актау әуежайынан үш шақырым қашықтықта, ұшақ апатқа ұшыраған.
Ұшақ апатына байланысты бірнеше болжам бар:
- Ұшақтың құстар тобына соқтығысуы.
- Бортта орналасқан оттегі баллонының жарылуы.
- Рульдік басқарудың істен шығуы.
Оқиға кезінде бортта 69 адам болған:
- 42 азамат – Әзірбайжан;
- 16 азамат – Ресей;
- 6 азамат – Қазақстан;
- 3 азамат – Қырғызстан;
- 2 әйелдің азаматтығы әлі анықталмаған.
Мәліметтерге сәйкес, 29 адам тірі қалған, олар Әзірбайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары.
Embraer ERJ-190 ұшағы туралы
Бұл модель қысқа және орташа қашықтықтағы бағыттарға арналған. 96-114 жолаушыны тасымалдай алатын бұл екі қозғалтқышты реактивті ұшақ 4500 шақырымға дейінгі ұшуларды жүзеге асыра алады.
Ұшақтың апатқа дейінгі деректері бойынша, ол белгіленген уақыттан 11 минут бұрын ұшып, Каспий теңізінің үстінде апатты жағдай туралы сигнал берген (код 7700).
Құзырлы органдар мен тергеу барысы
Қазіргі уақытта апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеуде. Embraer компаниясы мен Azerbaijan Airlines оқиғаға байланысты тергеушілермен толықтай ынтымақтастықта болатынын мәлімдеді.
Бұл қайғылы оқиға ұшақ қауіпсіздігіне, халықаралық авиация стандарттарын қатаңдатуға жаңа сұрақтар тудыруда. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз.