Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ала айғыр

Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысында бітімі бөлек бір айғыры бар екен.

Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс-тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі байдың алдына құр оралыпты.

Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты.

Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жылқышыларына:

— Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген бағытпен жылқыны айдаңдар, ол хайуан да болса қыстың қатаң боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді, — дейді.

Айтса, айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін айдайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңынан салады. Олар осы жүріспен айлық жол жүріп, іздесе табылмайтын бір түнкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы аман-есен жазғытұрым бай аулына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жердегі байлардың жылқылары түгел жұтап қалған екен. Қуанышқа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала айғыр» күйін шерткен екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама