Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлемдегі ең таңғажайып 20 қонақүй

Бүгінгі таңда қонақүйлердің адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел кезетін болсаңыз, қонақүйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақүйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.

Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қонақүйлерге арналады. Bilim-all.kz  әлемнің ең ерекше 20 қонақүйін іріктеді.

 

Attap’Reves

Франция, Жоғары Прованс Альпісі

© Attrapreves/Facebook

Бұл қонақүйдің қонақтары күндіз ультракүлгін жарық сәулесін өткізбейтін, ал түнде жәндіктер мен ылғалдан қорғайтын мөлдір серпімді материалдан жасалған шарда өмірден ләззат алады. Шөптен төселген еден және телескоп – жайлылыққа жағымды толықтыру болмақ. Ішкі бөлмелерге цилиндрлі дәліз арқылы өтеді.

Өмір сүру құны – 139 € бастап.

 

The Manta Resort

Танзания, Пемба аралы

© themantaresort

Суасты бөлмелері бар қалқымалы үйі болмағанда, бұл теңіз жағасындағы қарапайым курорттық қонақүй болар еді. Underwater Room жағалаудан 250 м қашықтықта орналасқан. Экзотикалық конструкциялы палубада күндіз қолға коктейль алып күнге қыздырынып жатуға, түнде жұлдыздарды тамашалауға болады. Жатын бөлменің үлкен терезелерінен рифтік балықтар, медуза мен кальмарларды бақылауға болады.

Underwater Room-де өмір сүру – күндігі 1000 € -ды құраса, қонақүйдің өзге номерлері – 405 € -дан басталады.

 

Poseidon Undersea Resort

Фиджи

 © PoseidonResorts/Facebook

Бұл таңғажайып қонақүйдің 74 номері бар, 25-і суасты 15 м тереңдікте орналасқан, ал қалғандары су бетінде орналасқан. Суасты номерлері дәліз секілді бір-бірін жалғаған 50 метрлік капсула түрінде жасалған. Демалушылар өз номерлерінен теңіз жаратылыстарының өмірін бақылай алады, ол үшін суасты тұрғындарын қызықтыратын арнайы жарықты қосу жеткілікті болмақ.

Қонақүйде бір саяхатшының 7 күн (6 түн) көлемінде тұру құны 15 000$ немесе 30 000$ құрайды.

 

Arctic TreeHouse Hotel

Рованиеми, финдік Лапландия

© Arctic TreeHouse Hotel

Сәнді сәулетті үлкен бөлмелері бар Арктикалық қонақүй орманның арасында және солтүстік шұғыланы тамашалауға арналған тамаша орында орналасқан.

Өмір сүру құны – 2 күнге 850 €-дан.

 

Jumbo Stay

Швеция, Стокгольм

© wikipedia   © jumbostay

Боинг 747-212B (Jumbo Jet),  2002 жылы шығынға ұшыраған шведтік компанияға тиесілі еді, 2008 жылы хостелге айналдырылып, Арландадағы стокгольмдік әуежайдың шыға берісіне орналастырылған. Онда 29 жабдықталған бөлме бар. Ең қымбат, әрі кең номері ұшқыштар кабинасында орналасқан. Ұшқыштар кабинасынан әуежайдың көрінісін, ал жай номерлерден – ұшып-қону жолағын тамашалауға болады.

Орналасу құны – күндігіне 136 €  жуық.

 

Skylodge Adventure Suites

Перу, Урубамба

© Luna sin estrellas/Flickr   © Freeda/Facebook   © Bettina Mensch/Facebook 

Бұл ерекше қонақүй Перудегі қасиетті Куско алқабында 120 м биіктікте орналасқан 3 мөлдір капсуланы қамтиды. Қонақүй конструкциясының дизайны, төменге құлдилаған аңғардың көрінісімен сүйсінуге мүмкіндік береді. Қызықты ерекшелігі – таудың қиын соқпақ жолдарымен өтіп немесе өрмелеп капсулаға жету қажеттілігімен байланысты болмақ.

Өмір сүру құны шамамен бір адамға күндік есеппен 270 € (капсула-номерлер сиымдылығы – 8 адамға дейін).

 

Sheraton Huzhou Hot Spring Resort

Қытай, Хучжоу

© Sheraton

Ерекше үлгідегі сәнді қонақүйдің 27 қабаты судан жоғары және 2 қабаты судан төмен орналасқан. Әлемдегі ең қымбат қонақүйлер тізімінің 10-дығына кіреді.

2 орынды номердегі тұру құны – күндігіне 200 € -дан.

 

Inntel Amsterdam Zaandam

Нидерланды, Амстердам

© Inntel Hotels   © Inntel Hotels/Facebook

Бұл қонақүйдің қасбеті – Амстердамдықтарға үйреншікті саналатын коттедждерден бастап қалалық сыртқы жұмыс үйлеріне дейін қамтылған 70-ке жуық күрделі үйден тұрады. Нөмірлерге жергілікті тарихтың рухы сіңген.

2 орынды номердегі тұру құны – күндігіне 130 €-дан.

 

Free Spirit Spheres

Канада, Ванкувер аралы

© freespiritspheres

Бұл қонақүйдің нөмірлері шар түрінде жасалып ағашқа ілінген, сондықтан жел толқынымен аздап тербелетін нөмірде ұйықтай аласыз.

Орналасу құны – күндігіне 155 €  бастап.

 

The Boot Bed’n’Breakfast

Жаңа Зеландия, Тасман

© The Boot/Facebook

The Boot Bed N’ Breakfast алып бәтіңке үлгісіндеге жасалған қос қабатты коттедж Жаңа Зеландияның Тасман ауданының ең әдемі орталығында орналасқан. Үй 2 адамға есептелген және романтикалық демалыс үшін тамаша орын болып табылады.

Өмір сүру құны – шамамен күндігіне қос адамға 250 € болады.

 

Giraffe Manor

Кения, Найроби

Найробидегі таңғажайып бақшасы мен күн террасасы бар ең атақты ғимараттардың бірі. Ерекше қонақүйдің басты қызығы – есіктер мен терезелерінен қорекке үміттеніп бас сұққан Ротшильд керіктерінің арасында күніңізді өткізу мүмкіндігі.

Өмір сүру құны – күндігіне адам басына 490  €  бастап.

 

ION Luxury Adventure Hotel

Исландия, Несьявеллир

ЮНЕСКО-ның қорғауында болған Тингведлир Ұлттық саябағынан 18 км қашықтықтағы Хейнгидль жанартауының құзында орналасқан қонақүй. Жақын маңайдағы геотермалды ыстық бұлақтар номерді ыстық сумен қамтиды.

Өмір сүру құны – 2 орынды номердің күндігіне 496  €  бастап.

 

Giant Wine Barrel Room

Германия, Засбахвальден

Германиядағы бұл эко-қонақүй алып шарап бөшкесі түрінде жүзім алқабына қарата жасалған номерлерімен ерекшеленеді. Қонақүй тамаша тау шатқалының баурайында, ағаш өңдеу мен жүзім шарабын шығарумен аты шыққан орманды ауыл маңайында орналасқан.

Өмір сүру құны – 2 ересекке 156 € -дан.
 

Treehouse Lodge

Перу, Икитос

Амазондық ну тоғайда, ән салған құстар мен жаңбыр дыбыстарына бөлене ұйықтау — нағыз арман. Нақты айтқанда қонақтар ағаштың басында өмір сүреді — барлық бунгалолар ағаштың ұшар басында орналасқан. Үйшіктердің сыртқы пішіні құс ұясын еске салады. Мұндай ерекше орналасым қоақтарға перуандық жабайы табиғатымен толықтай сіңісіп кетуге мүмкіндік береді.

Орналасу құны – 2 күнге қос адамға 1238 € бастап.

 

Icehotel

Швеция, Юккасъярви

Icehotel — Швецияның нағыз мұз маржаны. Оның қайталанбас интерьері мен архитектуралық ансамблін жылсайын өз идеяларын жүзеге асырғысы келетін әлемнің түпкір-түпкірінен келген талантты суретшілер жасайды. Қонақүйдің мұз номерлерін әрлеуге светодиодты шамдар, жануарлар терісі, суреттер мен мұз мүсіндер пайдаланады. Қонақүйде аялдағысы келетін саяхатшыларға, мұз бөлмелерде қалай тұру қажеттігі жөніндегі нұсқаулық өткізіледі.

Өмір сүру құны – шамамен екі адамға 578 €. Бұл суық бөлмелерде бір күннен артық тұруға кеңес берілмейді.

 

Treehotel

Швеция, Харадс

Treehotel тұрғылықты келуші қонақтарына дәл ағаштарда орналасқан ерекше номерлер ұсынады. Келішулерге экологиялық стильдегі дизайнерлік номерлерден: панорамалық терезелі капсула, үлкен құс ұясы, айна әйнекті куб немесе ауада тұрып қалған кейіптегі ұшатын тәрелкені таңдай аласыз.

Өмір сүру құны – қос адамға  503 € -дан.
 

LeapRus эко-қонақүйі

Ресей, Кабардино-Балкария

Әлемдегі ең биік таулы аймақ орналасқан қонақүйлердің бірі – теңіз деңгейінен 3912 м жоғарыда орналасқан. Енді Эльбрусқа бару бір уақытта қатерлі әрі жайлы болуы мүмкін: бөлмеде ыстық су, жылы едендер, қуатты Wi-Fi бар, ал тамағы— толыққанды 3 тағамнан тұрады(тамақ жасау қиын болғанына қарамастан, себебі су 80⁰ С -та қайнайды, сондықтан бірнеше сағат бойы қайнатуға тура келеді). Қонақүй ғарыштық капсуланы еске салатын бірнеше блоктардан тұрады. Қонақүйге арқанжолмен жетуге болады( 3800 м  дейін), ал ары қарай – тура қонақүй есігіне дейін қар кешкіш көлікпен баруға болады.

Тұру және тамақтану – әр адамға күндігіне 130 доллар, панорамалық терезесі бар орын – күндігіне 150  доллар.
 

«Иглу, Горная территория» қонақүйі

Ресей, Начики ауылы

Тұрғылыты колориттегі экзотикалық қонақүй комплексі толықтай қардан жасалған иглулардан тұрады (иглу – эскимостар үйі). Үлкен көлемдегі иглулар холл, мұзды камин және бармен жабдықталған. Тұруға арналған иглулар екі немесе сегіз қонаққа есептелген. Қарлы төсектер ең жылу сүйгіш балалқайлардың өзіне де жып-жылы болатындай етіп жасалған.

Өмір сүру құны – күндігіне 2000-нан 9000 р дейін.

 

Montana Magica Lodge

Чили, Нельтуме

Бұл таулы үйшік Уило-Уило қорығында орналасқан. Сырттай қонақүй жанартау секілді көрінеді, егер терезе ойығы болмағанда, бұл конструкция сырттай орманды пейзаждың бір бөлігі ретінде көрінер еді. Сыртқында орталық деңгейде ілінген көпір – ішке кірудің жалғыз жолы.

Өмір сүру құны – шамамен 2 күнге 367 € .

 

Société Duvetnor

Канада, Квебек

1862 жылы Лаврентия өзеніне қойылған шамшырақ 100 жыл өткен соң қараусыз қалды, ал 1989 жылы қонақүй есебінде қайта жаңғырды. Федералдық маңызы бар архитектуралық ескерткіште өткен ғасырға бейімделіп безендіріліп жасалған 3 -ақ 2 орындық нөмір мен бір ортақ қонақ бөлмесі бар.

Орналасу құны – бір адамға 175 $ бастап.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама